О внесении изменений и дополнения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 18 марта 2004 года № 122-I "Об утверждении Правил перевозок пассажиров, багажа и грузобагажа железнодорожным транспортом Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 18 марта 2004 года № 122-I "Об утверждении Правил перевозок пассажиров, багажа и грузобагажа железнодорожным транспортом Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 54
- Қабылданған күні
- 21.02.2006
- Көрсетілген редакция
- 06.08.2011 AI26824_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004125_
- ЭКБ идентификаторы
- 26824
- Редакция идентификаторы
- AI26824_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:54
0 "Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде жолаушылар, багаж және жүк багажы тасымалын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3664-нөмірмен тіркелген, "Юридическая газетінің" 2005 жылғы 15 желтоқсандағы 235-236 нөмірлерінде және "Заң" газетінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы 171-172 нөмірлерінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2810 нөмірмен тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесінде:
239-тармақтағы "Уәкілетті органның лауазымды тұлғалары бір мезгілде ГУ-57 түбіртегі бойынша отырған орыннан бастап ең жақын тарифтік станцияға дейінгі жол жүру құнын өндіріп алады" деген сөйлем алынып тасталсын;
240-тармақтағы "Осымен бір мезгілде уәкілетті органның лауазымды тұлғалары ГУ-57 түбіртегі бойынша отырған орнынан бастап жету орнына дейінгі жол жүру құнын өндіріп алады" деген сөйлем алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 240-1-тармақпен толықтырылсын:
"240-1. Уәкілетті органның лауазымды тұлғалары тексеруді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелерін) қатаң сақтауы тиіс.".