О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 апреля 2005 года N 49 и приказ Председателя Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан от 25 апреля 2005 года N 175 "Об утверждении форм распоряжений"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 апреля 2005 года N 49 и приказ Председателя Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан от 25 апреля 2005 года N 175 "Об утверждении форм распоряжений"
- Атауы (қаз.)
- "Өкiмдер нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 18 сәуірдегі N 49 қаулысы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 25 сәуірдегі N 175 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 42/229
- Қабылданған күні
- 30.04.2007
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2009 AI33353_3.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004680_
- ЭКБ идентификаторы
- 33353
- Редакция идентификаторы
- AI33353_3
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:42
0 "Өкiмдер нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 18 сәуірдегі N 49 қаулысы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 25 сәуірдегі N 175 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 45 және 47-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы БҰЙЫРАДЫ :
1
1. "Өкiмдер нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 18 сәуірдегі N 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3644 тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2005 жылғы 23 қыркүйектегі N 175-176 жарияланған) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 25 сәуірдегі N 175 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"салық органының осы қаулы мен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі.";
осы қаулыға және бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшіліктендіруі басқармасы (Қыпшақов А.М.) осы қаулы мен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ұйымдастыру қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (Смағұлова Г.Ә.) осы қаулы мен бұйрықты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
4 4. Осы қаулы мен бұйрық алғашқы жарияланған күнінен бастап он күнтізбелiк күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
0 Салық органының салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы ӨКІМІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2005 жылғы 18 сәуiрдегi
N 49 қаулысына және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Салық комитетi Төрағасының
2005 жылғы 25 сәуірдегі
N 175 бұйрығына 3-қосымша
"РҰҚСАТ ЕТЕМIН"
_______________________ ПРОКУРОРЫ
(ауданының, қаласының)
_______________________
(шені)
_______________________
(қолы, аты-жөні)
20 __ жылғы "____" __________
Салық органының салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы ӨКІМІ
20__ жылғы»"___" _______________ N _______
(жазба күні)_____________________________________________________
(банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
_________________________________________________________________
асыратын ұйымның атауы, тiркеу нөмiрi, орналасқан жері)
_________________________________________________________ берілді.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 45, 47-баптарына
сәйкес
____________________________________________________________________
(салық органының атауы, тіркеу нөмірі)
____________________________________________________________________
нақты мекен-жайы (тұрғылықты жері) бойынша болмаған салық төлеуші
ретінде 20 жылғы "___"__________________бастап
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке кәсiпкердiң аты-жөнi,
____________________________________________________________________
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, орналасқан жері)
банк шоттары (корреспонденттiк шоттарды қоспағанда) бойынша
____________________________________________________________________
(жеке бiрегейлендiру коды)
барлық шығыс операциялары (салық берешегiн өтеу бойынша
операциялардан басқа) тоқтатыла тұрсын:
салық төлеушінің нақты мекен-жайы (тұрғылықты жері) бойынша болмауы
туралы 20__ жылғы "___"_____________
(акт жасалған күн)
акт және____________________________________________________________
(тиісті құқық қорғау органының атауы)
құқық қорғау органының 20__ жылғы "____"___________N _______ жауабы.
(хаттың күні)
мөрдің орны_________________________________________________________
(Салық органы басшысының аты-жөні)
Осы өкім 20__ жылғы "____" ___________ _______________ табыс етілді.
Ескерту: "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес прокурордың
рұқсаты заңды тұлғалардың шығыс операциялары тоқтатыла тұрған
жағдайда талап етiледi.