О внесении изменений и дополнений в постановление от 18 апреля 2005 года № 1569 «О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения и Правилах их финансирования» Қолданыста
Басқа 0
2005 жылғы 18 сәуірдегі № 1569 «Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар және оларды қаржыландыру Ережелері туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қазандағы № 84 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 18-1 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1- тармағының 13) тармақшасына сәйкес Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлан аудан әкімдігінің 2004 жылғы 18 сәуірдегі № 1569 (тіркеу № 2336, 2005 жылғы 2 шілдедегі аудандық «Ұлан таңы» газетінде жарияланған) «Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қоргау бойынша шаралар және оларды қаржыландыру Ережелері туралы» қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген қаулының 2 қосымшасына «Әлеуметтік жұмыс орнын қаржыландыру және ұйымдастыру Ережесі»:
2- тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«2. Негізгі Ережедегі қолданылған жалпы түсінік:
әлеуметтік жұмыс орны- жұмыс берушінің жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша мақсатты топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруда жұмыс берушінің олардың еңбек ақысына кететін төлемақыны жартылай өтеу арқылы жұмыс орны;
мақсатты топтар - Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен бекітілген әлеуметтік қорғауды талап ететін және жұмысқа тұруға қиындық көретін топтағы тұлғалар»;
6- тармагы келесі редакцияда жазылсын:
«6. Әлеуметтік жұмыс орнының құрылуы жергілікті атқарушы органдармен жұмыс берушінің келісім шарты негізінде жүзеге асады.
Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орнының құрылуына, немесе, берілуіне байланысты ұйымдастырылады. Жұмыс уақытша сипат алады, оның ұйымдастырылуына тұрақты жұмыс орны, немесе, бос жұмыс орны қолданылмайды.
Әлеуметтік жұмыс орнын ұсынған кәсіпорынды іріктеу «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесімен іске асырылады.
Кәсіпорындарды таңдағанда келесі кепілдіктер беретін кәсіпорындар және ұйымдарға көңіл аударылады:
1) жіберілген жұмыссыздардың 50 пайызға дейінгілері тұрақты жұмысқа орналасатын болса;
2) әлеуметтік жұмыс орнына қатысатындарға жұмыс берушінің төлейтін еңбек ақысы- төменгі көрсеткіштен кем болмаса (бюджеттен бөлінетін сомамен бірдей);
3) әлеуметтік жұмыс орны бір жылдың ішінде құрылса және сақталса;
4) жұмыс түрлерінің қоғамдық маңызы;
5) техникалық қауіпсіздік қорғауы, қажетті жұмыс жағдайы қамтамасыз етілсе;
6) уақытында еңбек ақының төленуі»;
Тармақша 2
2) жоғарыда көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
Тармақ 2
«2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін».
З. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.