О внесении дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 18 апреля 2005 года № А-4/133 "Об утверждении Правил оплаты стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показателям на лечение, и лиц сопровождающих их, в пределах Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 18 апреля 2005 года № А-4/133 "Об утверждении Правил оплаты стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показателям на лечение, и лиц сопровождающих их, в пределах Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысы әкімдігінің "Қазақстан Республикасының шеңберінде медициналық көрсеткіштері бойынша жіберілетін науқастар, олармен еріп баратын тұлғалардың жолақысын төлеу ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 18 сәуірдегі № А-4/133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-9/367
- Қабылданған күні
- 27.10.2006
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2010 30579_174001.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06B0003204
- ЭКБ идентификаторы
- 30579
- Редакция идентификаторы
- 30579_174001
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:44
0 Ақмола облысы әкімдігінің "Қазақстан Республикасының шеңберінде медициналық көрсеткіштері бойынша жіберілетін науқастар, олармен еріп баратын тұлғалардың жолақысын төлеу ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 18 сәуірдегі N А-4/133 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына , Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы "Азаматтардың кейбір категорияларына санаторлық- курорттық емдеудің ережелерін бекіту туралы»N А-5/152 қаулысына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақмола облысының әкімдігінің "Қазақстан Республикасының шеңберінде медициналық көрсеткіштері бойынша жіберілетін науқастар, олармен еріп баратын тұлғалардың жолақысын төлеу Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 18 сәуірдегі N А-4/133 (Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 3 мамырда N 3124 тіркеліп, 2005 жылғы 14 маусымдағы "Акмолинская правда" газетінде жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының атауындағы және 1 тармақтағы "медициналық көрсеткіштері бойынша емделуге жіберілетін" сөздерінен кейін "санаторлық-курорттық емделуге жіберілетін мүгедек-балалар" сөздерімен толықтырылсын;
жоғары көрсетілген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасы шеңберінде медициналық көрсеткіштері бойынша жіберілетін науқастар, оларға еріп баратын тұлғалардың жол ақысын төлеу Ережелеріне:
атауындағы және әрі қарай мәтін бойынша "медициналық көрсеткіштері бойынша емделуге жіберілетін" сөздерінен кейін "санаторлық-курорттық емделуге жіберілетін мүгедек-балалар" сөздерімен толықтырылсын.
2 2. Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының шеңберінде медициналық көрсеткіштері бойынша жіберілетін науқастар, олармен еріп баратын тұлғалардың жолақысын төлеу Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 18 сәуірдегі
N а-4/133 қаулысына толықтыру енгізу туралы»N а-8/312 қаулысы күшін жойсын.