О внесении изменения и дополнений в совместный приказ исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 18 августа 2006 года N 208-ОД и Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 21 августа 2006 года N 212 "Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) магистральной железнодорожной сети"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в совместный приказ исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 18 августа 2006 года N 208-ОД и Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 21 августа 2006 года N 212 "Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) магистральной железнодорожной сети"
- Атауы (қаз.)
- "Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының 2006 жылғы 18 тамыздағы N 208-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 212 бірлескен бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы"
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 302-ОД
- Қабылданған күні
- 28.11.2007
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2020 36128_462542.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070005039_
- ЭКБ идентификаторы
- 36128
- Редакция идентификаторы
- 36128_462542
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:45
0
"Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының 2006 жылғы 18 тамыздағы N 208-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 212 бірлескен бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы"
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. "Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының 2006 жылғы 18 тамыздағы N 208-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 212 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4373 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетінде" 2006 жылғы 7 қазандағы 41 (303) нөмірінде және "Заң газетінде" 2006 жылғы 15 қыркүйектегі 166 (1146) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде:
1-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 - тармақтармен толықтырылсын:
"3. Ұзынөлшемді рельстік бунақтарды дәнекерлеу бойынша қызмет көрсету.
4. Локомотивтік радиостанцияларды, үздіксіз үлгідегі автоматты локомотивтік сигнал берудің қауіпсіздік приборларын және машинистің қырағылығын бақылау құрылғыларын құрастыру, жөндеу бойынша және басқа да қызметтер көрсету.
5. Темір жол учаскелерін диагностикалық техникамен тексеру бойынша қызмет көрсету.
6. Өрт сөндіру, қалпына келтіру техникасымен, соның ішінде кранмен қызмет көрсету.
7. Негізгі қызметке жатпайтын темір жол көлігіндегі автоматтандырылған басқару жүйелерін пайдалана отырып, ақпараттық қызмет көрсету.
8. Темір жол көлігіндегі автоматтандырылған басқару жүйелеріне дерекқорларына қол жеткізу.
9. Магистральдық темір жол желісі операторының мұқтаждары үшін жеткізушілер әкелген тауарлы-материалдық құндылықтарды жауаптылықпен сақтау.
10. Жол техникасының (арнаулы жылжымалы кранның) қызметін ұсыну.
11. Телефондық және телеграфтық байланыс қызметтері.
12. Байланыс арналарын пайдалануға беру.
13. Сигнал беру, орталықтандыру, бұғаттау құрылғыларын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету.
14. Есептеу техникасы құралдарын жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету және бағдарламалық қамтамасыз ету.".