Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 июля 2006 года № 265 «Об утверждении Правил аккредитации профессиональных аудиторских организаций»

Бұйрық · № 514 · қабылданған 30.07.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2006-no-265-ekb-228401/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 июля 2006 года № 265 «Об утверждении Правил аккредитации профессиональных аудиторских организаций» Қолданыста 30.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 июля 2006 года № 265 «Об утверждении Правил аккредитации профессиональных аудиторских организаций»

Қолданыста Бұйрық № 514 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 июля 2006 года № 265 «Об утверждении Правил аккредитации профессиональных аудиторских организаций»
Атауы (қаз.)
«Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
514
Қабылданған күні
30.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
16.08.2026
Көрсетілген редакция
30.07.2026 228401_832599.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039458
ЭКБ идентификаторы
228401
Редакция идентификаторы
228401_832599
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.09.2026 03:42
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы

18 шілдедегі № 265 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуін;

2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

0 Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары

Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 30 шілдедегі
№ 514 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 18 шілдедегі
№ 265 бұйрығымен
бекітілді
Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірлеген және кәсіби аудиторлық ұйымдарын аккредиттеу бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтер тәртібін анықтайды (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

2. «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

3. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде «цифрлық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына (оператор) авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейін қадамдық скриншоттарын қоса бере отырып, мемлекеттік қызметтің атауы бойынша ақпаратты, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен кодын (ӘҚНЖК), немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірін (ӨБСН), әкімшілік құжаттың нөмірі мен кодын (РҚ ӘҚНЖК) немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірін (РҚБСН), көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірін (БСН) міндетті ұсына отырып, sd@nitec.kz электрондық поштасы арқылы бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жіберу арқылы хабардар етеді.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі порталға жолданады және көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сақталады.

6. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.

2-тарау. «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

7. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес баяндалған.

Өтініш және мәліметтер нысандары осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес ұсынылады.

8. Өтінішті өңдеуді, оның ішінде тіркеуді көрсетілетін қызметті беруші «Е-лицензиялау» цифрлық жүйесінде өтініш келіп түскен сәттен бастап жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:
кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу куәлікті (бұдан әрі – куәлік) беру кезінде:

1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудиторлық қызметі саласындағы тиісті басқармасына береді – бір жұмыс күні ішінде;

2) орындаушы берілген құжаттардың толықтығын осы Қағидалардың 8-тармағы 1-қосымшасына сәйкес тексереді – бір жұмыс күн ішінде.

Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар болуы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
Ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асырады;

3) ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарау, дайындау аудиторлық қызмет саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, куәлік беру туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу не бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру – бір жұмыс күні ішінде;
куәлікті қайта рәсімдеу кезінде:

1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудиторлық қызмет саласындағы тиісті басқармасына береді – бір жұмыс күні ішінде;

2) орындаушымен дайындау және аудиторлық қызмет саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, куәлікті беру туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру – екі жұмыс күні ішінде.
куәліктің қолданылуы тоқтатылған кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудиторлық қызмет саласындағы тиісті басқармасына береді – бір жұмыс күні ішінде;

2) орындаушының қорытынды жобасын, куәліктің қолданылуын тоқтату туралы бұйрық жобасын дайындауы және аудиторлық қызмет саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасы басшысымен келісуі, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, куәліктің қолданысын тоқтату туралы бұйрықты тіркеу және куәліктің қолданысын тоқтату не куәліктің қолданылуын тоқтатудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберу – екі жұмыс күні ішінде.
Куәлікті беру, қайта ресімдеу, сондай-ақ куәліктің қолданылуын тоқтату кезінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тыңдау жүргізілмейді.

9. Кәсіби ұйымдар мынадай:

1) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана кәсіби ұйымдардың құрылтайшылары мен қатысушылары болуы;

2) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бір ғана кәсіби ұйымның мүшесі болуы талаптарына жауап береді.

Кәсіби ұйымдардың басқару органы соңғы бес жылдың ішінде кемінде 3 жыл аудит саласында жұмыс тәжірибесі бар кемінде үш аудитор - кәсіби ұйымның мүшелері қатарынан құрылады.

10. Кәсіби ұйымдардың мынадай:

1) сапасын бақылау бойынша;

2) халықаралық аудит және қаржылық есептілік стандарттары бойынша;

3) аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша;

4) этика мәселелері бойынша;

5) дауларды қарау бойынша жұмыс органдары бар.

Басқа органдарды құру кәсіби ұйымдардың жарғыларымен айқындалады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

1 «Кәсіби аудиторлық ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – негізгі талаптар тізбесі)

Кәсіби аудиторлық
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
1-қосымша
«Кәсіби аудиторлық ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – негізгі талаптар тізбесі)
«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1. Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу.
2. Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату.
1
Қызмет берушінің атауы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілітен қызметті беруші)
2
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәсілдері
Өтінішті қабылдау мен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру «Цифрлық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асады.
3
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімі
Куәлік беру – 3 (үш) жұмыс күні;
куәлікті қайта рәсімдеу – 3 (үш) жұмыс күні;
куәліктің қолданылуын тоқтату – 3 (үш) жұмыс күні.
4
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны
Электрондық (ішінара цифрландырылған)
5
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
Кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлік, куәлікті қайта ресімдеу, аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату не осы негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.
6
Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтің көрсетілуінен алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі
7
Жұмыс кестесі
1) Көрсетілген қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, үзіліссіз сағат 8.30-ден бастап 18.00-ға дейін түскі үзіліс 13.00 – 14.30 жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда.
2) Порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
3) Бірыңғай байланыс орталығы – күн сайын сағат 9.00- ден 21.00-ге дейін.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар тізбесі
Куәлік беру үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) мәліметтер нысаны.
3) аудит саласындағы кәсіби ұйымның басқару органының құрамына кіретін аудиторлардың жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың соңғы бес жылдан үш жыл ішіндегі көшірмелері.
Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда куәлікті қайта ресімдеу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті толтыру қажет.
Куәліктің қолданылуын тоқтату үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) кәсіби ұйымдар мен және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі бар.
10
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда ала алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинет», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған www.gov.kz.

2 Өтініш

Кәсіби аудиторлық ұйымдарды
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Өтініш
Аккредиттеуді (аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу, қолданылуын тоқтатуды) сұраймын
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
(кәсіби аудиторлық ұйымның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) қызметті жүзеге асыру үшін
____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
Орналасқан жері:
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Барлық көрсетілген ақпарат, сондай-ақ қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.
«___» ___________ 20__ жыл
Кәсіби
Аудиторлық
ұйым басшысы _______________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

3 Мәліметтер Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізбесі

Кәсіби аудиторлық ұйымдарды
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Мәліметтер Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізбесі
Мүшелер_________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
(кәсіби аудиторлық ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
№ 1 кесте
р/с №
Ауди­тор­дың же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Ауди­тор­дың те­гі
Ауди­тор­лың аты
Ауди­тор­дың әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
По­шта ин­дек­сі
Ел/об­лыс/аудан/ел­ді ме­кен
Кө­ше­нің ата­уы
Үй­дің нө­мі­рі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
№ 1 кестенің жалғасы
Үй­дің ин­дек­сі
Пәтер­дің/офи­стің нө­мі­рі
Те­ле­фон
«Ауди­тор» бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гі­нің нө­мі­рі
«Ауди­тор» бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гі­нің бе­рі­л­ген кү­ні
Кә­сі­би ұй­ым­ға өту кү­ні
Кә­сі­би ауди­тор­лық ұй­ым­ға мү­ше­лі­гін рас­тай­тын құ­жат­тың неме­се мү­ше­лік би­ле­ті­нің нө­мі­рі
Жұ­мыс ор­ны (ауди­тор­лық ұй­ым­ның ата­уы)
10
11
12
13
14
15
16
17
№ 2 кесте
р/с №
Ауди­тор­лық ұй­ым­ның биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Ауди­тор­лық ұй­ым­ның ата­уы
По­шта ин­дек­сі
Ел/об­лыс/аудан/ел­ді ме­кен
Кө­ше­нің ата­уы
Үй­дің нө­мі­рі
Үй­дің ин­дек­сі
Пәтер­дің/офи­стің нө­мі­рі
Те­ле­фон нө­мі­рі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
№ 2 кестенің жалғасы
Соң­ғы тір­кеу/қай­та тір­кеу кү­ні
Ауди­тор­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған ли­цен­зия нө­мі­рі
Ауди­тор­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ның бе­рі­л­ген кү­ні
Кә­сі­би ауди­тор­лық ұй­ым­ға өту кү­ні
Кә­сі­би ауди­тор­лық ұй­ым­ға мү­ше­лі­гін рас­тай­тын құ­жат­тың неме­се мү­ше­лік би­ле­ті­нің нө­мі­рі
Ауди­тор­лық ұй­ым бас­шы­сы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Ауди­тор­лық ұй­ым бас­шы­сы­ның те­гі
Ауди­тор­лық ұй­ым бас­шы­сы­ның аты
Ауди­тор­лық ұй­ым бас­шы­сы­ның әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
Ауди­тор ұй­ы­мы бас­шы­сы­ның «Ауди­тор» бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гі­нің нө­мі­рі
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
Кәсіби аудиторлық ұйымның құрылымы
р/с №
Кә­сі­би ауди­тор­лық ұй­ым бө­лім­ше­сі­нің ата­уы
Бө­лім­ше бас­шы­сы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Бө­лім­ше бас­шы­ның те­гі
Бө­лім­ше бас­шы­ның аты
Бө­лім­ше бас­шы­ның әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
Ла­у­а­зы­мы­ның ата­уы
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны
Бө­лім­ше бас­шы­сы­ның ла­у­а­зы­мы
Ауди­тор­дың же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Ауди­тор­дың те­гі
Ауди­тор­дың аты
Ауди­тор­дың әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
Аудит са­ла­сын­да­ғы жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
са­па­ны ба­қы­лау бой­ын­ша
ха­лы­қа­ра­лық аудит және қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры бой­ын­ша
ауди­тор­лар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру бой­ын­ша
эти­ка мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша
да­у­лар­ды қа­рас­ты­ру бой­ын­ша
*
Ескертпе:
* басқа органдарды құру кәсіби ұйымдардың жарғыларымен айқындалады.
Кәсіби аудиторлық ұйымның басшысы
________________________________________ ________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (күні)