О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 июля 2006 года № 265 "Об утверждении Правил аккредитации профессиональных аудиторских организаций"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 июля 2006 года № 265 "Об утверждении Правил аккредитации профессиональных аудиторских организаций"
- Атауы (қаз.)
- "Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 346
- Қабылданған күні
- 04.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.06.2015 94082_72904.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011906
- ЭКБ идентификаторы
- 94082
- Редакция идентификаторы
- 94082_72904
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:46
0 «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы
18 шілдедегі № 265 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 20 қазандағы Заңының 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 тіркелген, 2006 жылғы 17 тамыздағы № 150 (956) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
инвестициялар және даму министрі
__________ Ә.Исекешев
2015 жылғы 7 шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е.Досаев
2015 жылғы 10 шілде
0 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 4 маусымдағы
№ 346 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 18 шілдедегі
№ 265 бұйрығымен
бекітілген
Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 20 қарашадағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының кәсіби аудиторлық ұйымдарды (бұдан әрі - кәсіби ұйымдар) аккредиттеу жүргізу тәртібін айқындайды.
2 2. Кәсіби ұйымдар уәкілетті органның Заңға сәйкес кәсіби ұйымдардың құқықтылығын ресми мойындау мақсатында аккредиттеуден өтеді.
2 2. Аккредиттеу жүргізу тәртібі
3 3. «Электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-портал арқылы (бұдан әрі – Портал) кәсіби ұйымдар аккредиттеуден өту үшін мыналарды ұсынады:
1 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіби ұйымның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер нысаны.
4 4. Кәсіби ұйымдардың құжаттарын қарау және аккредиттеу туралы куәлік беру, қайта ресімдеу туралы шешім қабылдау мерзімі осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күнін құрайды.
5 5. Кәсiби ұйымдар мынадай талаптарға жауап береді:
1 1) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана кәсіби ұйымдардың құрылтайшылары және қатысушылары болып табылады;
2 2) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бір ғана кәсіби ұйымның мүшелері болып табылады;
3 3) Халықаралық бухгалтерлер федерациясының Этика кодексінің талаптарына сәйкес келетін Этика кодексін әзірлейді және қабылдайды.
Кәсіби ұйымдардың басқару органы аудиторлар – соңғы бес жылдың үш жылы ішінде қаржылық ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесімен саны кемінде үш аудитор болатын кәсіби аудиторлар ұйымының мүшелері санынан қалыптасады.
Кәсіби ұйымдардың мынадай:
1 1) сапасын бақылау бойынша;
2 2) аудит және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша;
3 3) аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша;
4 4) этика мәселелері бойынша;
5 5) дауларды қарау бойынша жұмыс органдары (комитеттері) бар.
Кәсіби ұйымдардың сондай-ақ қалауы бойынша басқа жұмыс органдары (комитеттері) болуы мүмкін.
6 6. Кәсіби ұйымның аккредиттелуі туралы куәлік аккредиттеуді растайтын ресми құжат болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында әркет етеді және әрекет ету мерзімі шектеусіз беріледі.
7 7. Кәсіби ұйымның заңды мекенжайы өзгерген жағдайда аккредиттелуі туралы куәлік қайта ресімдеуге жатады.
Кәсiби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу үшін заңды мекенжайы өзгерген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Порталға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсiби ұйымның уәкілетті тұлғасы ұсыну қажет.
8 8. Уәкілетті орган аккредиттелген кәсіби ұйымдар тізілімін жүргізеді және оны уәкілетті органның сайтына орналастырады.
Уәкілетті орган аккредиттелген кәсіби ұйымдар тізілімі өзгерген жағдайда өз интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты өзгеріс туралы ақпарат түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жаңартады.
1 Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Өтiнiш
____________________________________________________________________
(кәсіби аудиторлық ұйымның толық атауы, БСН)
____________________________________________ қызметтi жүзеге асыру үшiн
__________________________ аккредиттеудi (қайта рәсімдеуді, телнұсқа беруді) сұраймын.
Орналасқан жері:________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
_________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін
20__ ж. «__»____________________
Кәсiби аудиторлық ұйымның
басшысы _____________________________
(Тегі, аты және әкесінің аты
(болған кезде)
2 Кәсіби аудиторлық ұйымның құрылымы (комитеттер, бөлімдер және т.б.)
Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Мәліметтер нысаны
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
тізбесі
Мүшелер ___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
(кәсіби аудиторлық ұйымның атауы, БСН көрсетіледі)
№ 1 кесте
Р/с
№
Аудитор-дың ЖСН
Ауди- тордың тегі
Ауди- тордың аты
Аудитордың
әкесінің аты (болған кезде)
Почта индексі
Ел/облыс/аудан/
елді мекен
Көшенің атауы
Үйдің нөмірі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
№ 1 кестенің жалғасы
Үйдің индексі
Пәтердің/офистің нөмірі
Телефо
ны
Біліктілік куәлігінің нөмірі
Біліктілік куәлігінің берілген
күні
Кәсіби ұйымға өту күні
Кәсіби аудиторлық ұйымға мүшелігін растайтын құжаттың немесе мүшелік билетінің нөмірі
Жұмыс орны (аудиторлық ұйымның атауы)
10
11
12
13
14
15
16
17
№ 2 кесте
Р/с
№
Аудиторлық ұйымның БСН
Ауди- торлық ұйым- ның атауы
Почта индексі
Ел/облыс/аудан/елді мекен
Көшенің атауы
Үйдің нөмірі
Үйдің индексі
Пәтердің/офистің нөмірі
Телефон нөмірі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
№ 2 кестенің жалғасы
Соңғы тіркеу/ қайта тіркеу күні
Ауди
торлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия нөмірі
Ауди
торлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицен
зияның беріл-
ген күні
Кәсіби аудитор-лық ұйымға
өту күні
Кәсіби аудиторлық ұйымға мүшелігін растайтын құжаттың немесе мүшелік билетінің нөмірі
Ауди-торлық ұйым басшы-сының ЖСН
Ауди
торлық
ұйым басшы
сының тегі
Аудиторлық ұйым басшысының аты
Аудитор-лық ұйым басшысы-ның әкесінің аты (болған кезде)
«Ауди-тор» біліктілік куәлігі-нің нөмірі
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
Кәсіби аудиторлық ұйымның құрылымы
(комитеттер, бөлімдер және т.б.)
Р/с №
Кәсіби аудиторлық ұйым бөлімшесі-нің атауы
Бөлі
мше бас
шысы
ның ЖСН
Бөлі
мше бас
шы
ның тегі
Бөлі
мше бас
шы
ның
аты
Бөлі
мше бас
шы
ның
әке
сінің аты
Лауа
зымы
ның атауы
Бай
ла
ныс
те
ле
фо
ны
Бөлі
мше бас
шысы
ның лауа
зымы
Ауди
тор
дың ЖСН
Ауди
тор
дың тегі
Ауди
тор
дың аты
Ауди
тор
дың әке
сінің аты (бол-ған кезде)
Аудит сала
сын
дағы жұмыс тәжі
рибесі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
сапаны бақылау бойынша
халықаралық аудит және қаржылық есептілік стандарттары бойынша
аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша
этика мәселелері бойынша
дауларды қарастыру бойынша
*
Ескертпе:
* кәсіби ұйымдардың басқа жұмыс органдары (комитеттері) болуы мүмкін.
Кәсіби аудиторлық ұйымның
басшысы _______________________________________ _________________
(Т.А. Ә. болған кезде) (күні)