Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 18 октября 2007 года N 305 "Об утверждении документов, регламентирующих деятельность специальных экономических зон"

Бұйрық · № 89 · қабылданған 14.03.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2007-n-305/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 18 октября 2007 года N 305 "Об утверждении документов, регламентирующих деятельность специальных экономических зон" Күшін жойған Бұйрық ·№ 89 ·14.03.2008
05.10.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 18 октября 2007 года N 305 "Об утверждении документов, регламентирующих деятельность специальных экономических зон"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 89 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 18 октября 2007 года N 305 "Об утверждении документов, регламентирующих деятельность специальных экономических зон"
Атауы (қаз.)
"Арнайы экономикалық аймақтар қызметін регламенттейтін құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 18 қазандағы N 305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
89
Қабылданған күні
14.03.2008
Көрсетілген редакция
05.10.2012 AI38868_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005185_
ЭКБ идентификаторы
38868
Редакция идентификаторы
AI38868_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:52

0 "Арнайы экономикалық аймақтар қызметін регламенттейтін құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 18 қазандағы N 305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ арнайы экономикалық аймаққа қатысушы мәртебесін алу рәсімдерін жеңілдету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Арнайы экономикалық аймақтар қызметін регламенттейтін құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 18 қазандағы N 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4985 тіркелген, Орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, N 12 (294)) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) аталған бұйрықпен бекітілген, уәкілетті органмен және оператор-компания арасындағы үлгілік шартта:
2-тармақтың 3), 4), 5) тармақшалары алынып тасталсын;
2) аталған бұйрықпен бекітілген, арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар қызметін жүзеге асыру тәртібін реттейтін, оператор компания мен арнайы экономикалық аймаққа қатысушы арасындағы үлгілік шартта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы шарттың мәні Оператор компанияның Қатысушыға өтеусіз маркетингтік, қаржылық-талдамалық, заң, консалтингтік, коммуналдық қызметті, сондай-ақ Оператор компанияның өз құзыреті шеңберінде Арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де қызметтерді (бұдан әрі - Қызметтер) ұсынуы болып табылады.";
2-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Оператор компания Қызметтерді сапалы және уақытында ұсынуға міндетті.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қатысушы Қызметті қабылдауға және төлеуге міндетті.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Оператор-компания және Қатысушы осы шарттың 3-тармағында көрсетілген отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей ол туралы басқа Тарапқа жазбаша хабарлай отырып, мерзімі келгенге дейін шартты бұзуға құқығы бар.";
7-тармақ алынып тасталсын:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Тараптар осы шарттың 4, 5-тармақтар талабын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, осы шартты бұзған Тарап, екінші Тарапқа мына көлемде (төлеуге қажетті соммадан кемінде 0,01%, бірақ 0,1 % астам емес) әрбір өткен күн үшін тұрақсыздық төлемін төлейді.".

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Индустриялық-инновациялық саясат департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін және осы бұйрықты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Е.К. Мамытбековке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы