О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 июля 2007 года № 606
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 июля 2007 года № 606
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі N 606 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 517
- Қабылданған күні
- 14.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 17.06.2010 AI45386_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.06.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090000517_
- ЭКБ идентификаторы
- 45386
- Редакция идентификаторы
- AI45386_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:24
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі N 606 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі N 606 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) салық органы басшысының не басшысы орынбасарының қолы қойылып, үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі лицензияны алуға өтінімдер беру күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасымен расталатын үш айдан артық (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы;".