Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125 "Об утверждении Типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся"

Бұйрық · № 360 · қабылданған 29.08.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2008-no-125-ekb-75041/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125 "Об утверждении Типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся" Қолданыста Бұйрық ·№ 360 ·29.08.2013
29.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125 "Об утверждении Типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся"

Қолданыста Бұйрық ·№ 360 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125 "Об утверждении Типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся"
Атауы (қаз.)
"Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау,аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
360
Қабылданған күні
29.08.2013
Көрсетілген редакция
29.08.2013 AI75041_0.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008768
ЭКБ идентификаторы
75041
Редакция идентификаторы
AI75041_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:21

0 "Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау,аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5191 тіркелді, «Заң газетінің» 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Ережеде мынадай анықтаулар пайдаланылған:
1) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау - бұл оқытушының пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың білімін жүйелі тексеруі;
2) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейін бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеруінің сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеруінің дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
4) кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау - техникалық және кәсіпті, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары бітірушісінің кәсіптік қызметтің тиісті түрі шеңберінде жұмысты орындау бойынша біліктілік деңгейінің сәйкестік дәрежесін анықтау мақсатында сертификаттау жөніндегі орган өткізетін рәсім;
5) сертификаттау жөніндегі орган – сәйкестікті растау және кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау қорытындылары бойынша сертификат беру рәсімін ұйымдастыру үшін белгіленген тәртіпте аккредиттелген заңды тұлға;
6) біліктілік комиссиясы - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру ұйымдары бітірушісінің кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және бiлiктiлiк деңгейін анықтау үшін құрылатын алқалық орган.»;
мынадай мазмұндағы 23-1 тармақпен толықтырылсын:
«23-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды оқу орны білім алушылардың тиісті мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізеді.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен аттестаттау емтихан комиссиясы құрылады.
Аттестаттау емтихан комиссиясының құрамы кәсіпорындардың жоғары білікті мамандары, арнайы пәндер оқытушылары, өндiрiстiк оқыту шеберлерi және оқу орнын басқарудың алқалық органдарының, жұмыс берушілер өкілдерінен 75% және 25%-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өкілдерінің арақатынасында құрылады.
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Аттестаттау емтихан комиссиясының отырысы тиісті хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы аттестаттау емтихан комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінділер сертификаттау жөніндегі органға беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
«34-1. Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру - білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беру үшін қажетті шарт болып табылатын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың бөлігі.
Бітірушілердің кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды және біліктілік беруді ұйымдастыру үшін сертификаттау жөніндегі орган біліктілік комиссиясын құрады.
Біліктілік комиссиясының төрағасы кәсіпорын және жұмыс берушілер қауымдастықтары қатарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының және филиалдарының (дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда) келісімі бойынша, ал республикалық бағынысты білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (автономды білім беру ұйымдарын қоспағанда, 3 реттен аспайтын) келісімімен тағайындалады. Біліктілік комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталары мен филиалдары өкілдерінің келісімі бойынша (дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда) жұмыс берушілер өкілдерінен 75% және 25%-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өкілдерінен арақатынасында кәсіпорындардың өкілдері, арнайы пәндер оқытушылары, өндiрiстiк оқыту шеберлерi, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi органдардың өкiлдерi кіреді.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Білім алушылардың кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылғы 17 маусымдағы № 7796 тіркелген) бекітілген Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.».

2 2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):

1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы