Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Сандыктауского района от 18 января 2008 года № А-1/3 "Об оказании дополнительного вида социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому"

Қаулы · № А-1/5 · қабылданған 14.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2008-no-13-ekb-50367/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Сандыктауского района от 18 января 2008 года № А-1/3 "Об оказании дополнительного вида социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому" Күшін жойған Қаулы ·№ А-1/5 ·14.01.2010
06.08.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Сандыктауского района от 18 января 2008 года № А-1/3 "Об оказании дополнительного вида социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому"

Күшін жойған Қаулы ·№ А-1/5 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Сандыктауского района от 18 января 2008 года № А-1/3 "Об оказании дополнительного вида социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому"
Атауы (қаз.)
Сандықтау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № А-1/3 "Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-1/5
Қабылданған күні
14.01.2010
Көрсетілген редакция
06.08.2012 50367_200191.kaz
Соңғы өзгеріс
06.08.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10BP000103
ЭКБ идентификаторы
50367
Редакция идентификаторы
50367_200191
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:19

0 Сандықтау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № А-1/3 "Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына, 16 бабының, 29 бабының 6, 7 тармақтарына, Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы № А-6/341 қаулысымен бекітілген, «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Сандықтау ауданы әкімдігінің «Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы» 2008 жылғы 18 қаңтардағы № А–1/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудін тізілімінде № 1-16-70 тіркелген, 2008 жылғы 18 ақпанда «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2. Анықталсын:
үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек, толық мемлекеттің қамқорлығына алынған мүгедек балалардан басқа, ата-аналарына және басқа да заңды өкілдеріне төленеді;
әлеуметтік көмек тоқсанға құжаттарымен бірге өтініш берілген уақыттан бастап, оны алуға құқығы бар тұлғалардың есеп шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен тағайындалады және төленеді.»;
4 тармақтағы «Б.С.Ізбасарова» сөзін «Қазизова Ә.Қ.» сөзіне ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Сандықтау ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Мурашиди Н.А.

Қолданыстағы