О внесении дополнения в совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 18 апреля 2008 года № 133-ОД и Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 апреля 2008 года № 263 «Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) водохозяйственной и (или) канализационной систем
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 18 апреля 2008 года № 133-ОД и Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 апреля 2008 года № 263 «Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) водохозяйственной и (или) канализационной систем
- Атауы (қаз.)
- Су шаруашылық және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялық реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 263 бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 584
- Қабылданған күні
- 31.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2020 92874_523212.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011869
- ЭКБ идентификаторы
- 92874
- Редакция идентификаторы
- 92874_523212
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:52
0 «Су шаруашылық және (немесе)
кәріз жүйелерінің реттеліп
көрсетілетін қызметтерімен
(тауарларымен, жұмыстарымен)
технологиялық байланысты қызмет
түрлерінің тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополиялық реттеу агенттігі
Төрағасының 2008 жылғы 18 сәуірдегі
№133-НҚ және Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2008 жылғы 25 сәуірдегі № 263
бірлескен бұйрығына толықтыру
енгізу туралы
«Табиғи монополияларды реттеу және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 263 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5216 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2015 жылғы 15 тамыздағы № 8 актілер жинағында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Өз тұтынушыларына реттелетін қызметтерді ұсыну кезінде іске қосылған су шаруашылығы жүйелері мен гидротехникалық құрылыстардағы қызметтер (жұмыстар):
1) гидротехникалық құрылыстарды, кешенді мақсаттағы су қоймаларын, магистралды су құбырларын және шаруашылық объектілерін ұстау және пайдалану;
2) гидротехникалық және су шаруашылығы құрылыстарын, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін күрделі жөндеу және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу;
3) әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалар бойынша авторлық қадағалау;
4) су өлшегіш аспаптарды орнату;
5) тіреуіш гидротехникалық құрылыстар көмегімен ағын үстін реттеу бойынша қызметтер көрсету кезінде су тораптары құрамына кіретін гидроэлектр станциялары өндірген электр энергиясын өткізу;
6) балық запастарын (балық шабақтары) қорғау және өсімін молайту арқылы шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне су берумен байланысты су қоймаларын биомелиорациялауды өткізу бойынша қызметтер.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті:
1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
_________________ С. Омаров
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
_________________ Т. Жақсылықов