О внесении изменений в решение акима Воронежского сельского округа от 18 ноября 2008 года № 23 "О наименовании составных частей населенного пункта села Лысановка Воронежского сельского округа"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Воронежского сельского округа от 18 ноября 2008 года № 23 "О наименовании составных частей населенного пункта села Лысановка Воронежского сельского округа"
- Атауы (қаз.)
- Воронеж ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 23 Воронеж селолық округінің Лысанов селосының құрамдас бөлігін атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 06.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2014 80575_181180.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NTC04816
- ЭКБ идентификаторы
- 80575
- Редакция идентификаторы
- 80575_181180
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:44
0 Воронеж ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 23 "Воронеж селолық округінің Лысанов селосының құрамдас бөлігін атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Воронеж ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. "Воронеж селолық округінің Лысанов селосының құрамдас бөлігін атау туралы" Воронеж ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 23 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-113 тіркелген, 2009 жылғы 9 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасында мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылып өзгерістер енгізілсін;
орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.