О внесении изменения в постановление от 18 января 2008 года № 421 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, которым установлено повышение к должностным окладам за работу в аульной (сельской) местности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление от 18 января 2008 года № 421 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, которым установлено повышение к должностным окладам за работу в аульной (сельской) местности"
- Атауы (қаз.)
- "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулыға өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 117
- Қабылданған күні
- 02.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2016 59386_84100.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11V0002549
- ЭКБ идентификаторы
- 59386
- Редакция идентификаторы
- 59386_84100
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:15
0 "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулыға өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2477, 2008 жылғы 6 наурыздағы № 30 (15939) «Дидар», 2008 жылғы 6 наурыздағы № 3536 (18469) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулыға 2 қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі келісуге Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына ұсынылсын.
3 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
4 Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2011 жылғы 02 маусымдағы
№ 117 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2008 жылғы 18 қаңтардағы
№ 421 қаулысына
2 қосымша
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Шығыс Қазақстан
облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық)
жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру
белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының
тізбесі
1 1. Мемлекеттік мекеме басшысы мен басшысының орынбасары.
2
2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде барлық мамандықтағы дәрігерлер, медициналық бике, фельдшер, фармацевт, мәдени ұйымдастырушы, логопед, емдәм бикесі, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметші, психолог, емдеу-дене шынықтыру кабинетінің нұсқаушысы, иппотерапия бойынша нұсқаушы, жүзу бойынша нұсқаушы, кітапханашы.