Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление от 18 января 2008 года № 421 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, которым установлено повышение к должностным окладам за работу в аульной (сельской) местности"

Қаулы · № 67 · қабылданған 02.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2008-no-421-ekb-64896/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление от 18 января 2008 года № 421 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, которым установлено повышение к должностным окладам за работу в аульной (сельской) местности" Күшін жойған Қаулы ·№ 67 ·02.04.2012
20.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление от 18 января 2008 года № 421 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, которым установлено повышение к должностным окладам за работу в аульной (сельской) местности"

Күшін жойған Қаулы ·№ 67 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление от 18 января 2008 года № 421 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, которым установлено повышение к должностным окладам за работу в аульной (сельской) местности"
Атауы (қаз.)
"Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулыға өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
67
Қабылданған күні
02.04.2012
Көрсетілген редакция
20.04.2016 64896_84098.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12V0002572
ЭКБ идентификаторы
64896
Редакция идентификаторы
64896_84098
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:39

0 "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру

белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы
18 қаңтардағы № 421 қаулыға өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2477, 2008 жылғы 6 наурыздағы № 30 (15939) «Дидар», 2008 жылғы 6 наурыздағы № 3536 (18469) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулыға 2 қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2

2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына келісуге ұсынылсын.

3 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

4 Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы 02 сәуірдегі
№ 67 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2008 жылғы 18 қаңтардағы
№ 421 қаулысына
2 қосымша
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысының
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі
жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының
тізбесі

1 1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мен басшының орынбасары, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі.

2

2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде барлық мамандықтар дәрігерлері, кітапханашы, емдәм бикесі, емдеу-дене шынықтыру кабинетінің нұсқаушысы, иппотерапия бойынша нұсқаушы, жүзу бойынша нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, мәдени ұйымдастырушы, логопед, медициналық бике, психолог, шаштараз, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметші, фармацевт, фельдшер.

3 3. Педагогикалық қызметшілер және соларға теңестірілген адамдар, оның ішінде барлық мамандықтар мұғалімдері, мұғалім-дефектолог, тәрбиеші, еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы, әдіскер, музыкалық жетекші.

Қолданыстағы