О внесении изменения в постановление от 18 января 2008 года № 421 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, которым установлено повышение к должностным окладам за работу в аульной (сельской) местности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление от 18 января 2008 года № 421 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, которым установлено повышение к должностным окладам за работу в аульной (сельской) местности"
- Атауы (қаз.)
- "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулыға өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 152
- Қабылданған күні
- 02.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2016 66598_84096.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12V0002585
- ЭКБ идентификаторы
- 66598
- Редакция идентификаторы
- 66598_84096
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:52
0 "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру
белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы
18 қаңтардағы № 421 қаулыға өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2477, 2008 жылғы 6 наурыздағы № 30 (15939) «Дидар», 2008 жылғы 6 наурыздағы № 3536 (18469) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулыға 2 қосымшада:
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде барлық мамандықтар дәрігерлері, кітапханашы, емдәм бикесі, емдеу-дене шынықтыру кабинетінің нұсқаушысы, иппотерапия бойынша нұсқаушы, жүзу бойынша нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, мәдени ұйымдастырушы, логопед, медициналық бике, психолог, шаштараз, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, жұмыспен қамту орталығы (қызметі) құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының, тобының) маманы, күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметші, фармацевт, фельдшер.».
2
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына келісуге ұсынылсын.