О внесении дополнений в постановление от 18 марта 2008 года № 61 «Об утверждении стандартов оказания государственных услуг, предоставляемых местными исполнительными органами Бородулихинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление от 18 марта 2008 года № 61 «Об утверждении стандартов оказания государственных услуг, предоставляемых местными исполнительными органами Бородулихинского района»
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылдың 18 наурыздағы № 61 «Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы органдары тағайындайтын мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 97
- Қабылданған күні
- 30.10.2008
- Көрсетілген редакция
- 30.10.2008 42623_378277.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.10.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VH000069
- ЭКБ идентификаторы
- 42623
- Редакция идентификаторы
- 42623_378277
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:40
0 2008 жылдың 18 наурыздағы № 61 «Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы органдары тағайындайтын мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2008 жылғы 12 тамыздағы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2008 жылдың 18 наурыздағы № 61 «Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы огандары тағайындайтын мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы» (2008 жылдың 21 наурыздағы № 5-8-59 мемлекеттік нормативтік
құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылдың 28 наурызындағы № 13 (6220) аудандық «Пульс района» газетінде жарияланған) қаулысының жеке ережелері бойынша шешімін қарап Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қаулыға келесі толықтырулар енгізілсін:
1 1) № 2 -қосымшаның 6- тармағы толықтырылып, төменгідей жазылсын:
жердегі және әуедегі ядролық жарылыстар жасаған кезенде (1949-1965 ж.ж.) радиоактивті заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс істеген және әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтарға;
жерастындағы ядролық жарылыстар жасау кезеңінде (1966-1990) осы «ақгарда турған, жұмыс істеген және эскери қызмет (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтарға;
1949 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықта жеңілдікті әлеуметтік- экономикалық мәртебесі бар аумақтарда тұрған, жұмыс істеген және әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтарға;
балаларға, осы баптың екінші және үшінші абзацтарында аталған, мүгедек деп немесе аурулары бар деп танылған, олардың денсаулық жағдайы ата-аналарының бірінің аталған аймақтарда болғандығы туралы дерек және себепті байланыстар анықталған ретте.
2
2) № 9- қосымшасының «Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға және оралмандарға көрсетіледі» деген 6-тармағы келесі сөздермен толықтырылсын «отбасының орта есеппен жан басына шаққанағы кірісті азық-түлік себетінен төмен жағдайда».