Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183

Қаулы · № 374 · қабылданған 06.04.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2009-no-183-ekb-58213/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 Күшін жойған Қаулы ·№ 374 ·06.04.2011
17.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183

Күшін жойған Қаулы ·№ 374 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
374
Қабылданған күні
06.04.2011
Көрсетілген редакция
17.07.2023 58213_645082.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000374
ЭКБ идентификаторы
58213
Редакция идентификаторы
58213_645082
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:38

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 73-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінде:

1-тармақта:
«2005 жылғы 8 шілдедегі» деген сөздерден кейін «Заңына» деген сөзбен толықтырылсын;
«2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Бюджеттік кредиттер облыстардың жергілікті атқарушы органдарына мынадай жағдайларда:
кейіннен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, олардың тұрғын үй сатып алуы үшін теңгемен 15 (он бес) жыл мерзімге жылдық 0,01 % мөлшеріндегі сыйақы ставкасы бойынша бере отырып кредиттік шарттар жасасу арқылы беріледі;
кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 22 (жиырма екі) айды құрайды;
бюджеттік кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар кредиттік шартта белгіленеді.»;
4, 7, 8-тармақтардағы «жұмыс органы», «Жұмыс органы» және «жұмыс органынан» деген сөздер «Әкімші» және «Әкімшіден» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандары үшін тұрғын үй сатып алуға кредит беру сенім білдірілген өкілмен (агентпен) шарт болған жағдайда жүзеге асырылады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін кредит беру жөніндегі бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша сенім білдірілген өкілмен (агентпен) тапсырыс шартын жасасады.
Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін кредит беру жөніндегі бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша операциялық қызметтер көрсетуге арналған шығындарын өтеу үшін қаражат 095 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделеді.»;
6-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жұмыс органына» деген сөздер «Әкімшіге» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақтағы «аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі» деген сөздер «Әкімші» деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақта:
1) тармақшада:
«жұмыс органы» деген сөздер «Әкімші» деген сөзбен ауыстырылсын;
«2009 жылғы 1 шілдеден бастап» деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшадағы «2010 жылғы 1 қаңтардан бастап» деген сөздер алынып тасталсын;

2) 2-қосымшада:

екінші абзацта «әкімінің аппараты» деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтың 1), 2) тармақшаларындағы, 6-тармақтың 3) тармақшасындағы «қарыз алушымен», «қарыз алушылардың», «қарыз алушылардан» деген сөздер «Алушымен», «Алушының», «алушылардан» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы