О внесении изменения в решение акима Биршогырского сельского округа Шалкарского района от 18 мая 2009 года № 3 "Көшелерге атау беру туралы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Биршогырского сельского округа Шалкарского района от 18 мая 2009 года № 3 "Көшелерге атау беру туралы"
- Атауы (қаз.)
- Шалқар ауданы Біршоғыр селолық округі әкімінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 3 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 24.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 24.03.2017 111493_177530.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CMK05426
- ЭКБ идентификаторы
- 111493
- Редакция идентификаторы
- 111493_177530
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:39
0 Шалқар ауданы Біршоғыр
селолық округі әкімінің
2009 жылғы 18 мамырдағы №3
«Көшелерге атау беру туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шалқар ауданы Біршоғыр селолық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2009 жылғы 18 мамырдағы № 3 «Көшелерге атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-112 тіркелген, 2009 жылғы 17 маусымда аудандық «Шалқар» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде «селолық» сөзі тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.