Құжат мәтініне өту

Об утверждении Протокола о сотрудничестве и взаимодействии пограничных ведомств к Соглашению о сотрудничестве в сфере безопасности на Каспийском море от 18 ноября 2010 года

Қаулы · № 207 · қабылданған 18.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2010-ekb-130663/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Протокола о сотрудничестве и взаимодействии пограничных ведомств к Соглашению о сотрудничестве в сфере безопасности на Каспийском море от 18 ноября 2010 года Қолданыста Қаулы ·№ 207 ·18.04.2019
18.04.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Протокола о сотрудничестве и взаимодействии пограничных ведомств к Соглашению о сотрудничестве в сфере безопасности на Каспийском море от 18 ноября 2010 года

Қолданыста Қаулы ·№ 207 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Протокола о сотрудничестве и взаимодействии пограничных ведомств к Соглашению о сотрудничестве в сфере безопасности на Каспийском море от 18 ноября 2010 года
Атауы (қаз.)
2010 жылғы 18 қарашадағы Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге шекаралық ведомстволардың ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы жөніндегі хаттаманы бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
207
Қабылданған күні
18.04.2019
Көрсетілген редакция
18.04.2019 130663_401531.kaz
Соңғы өзгеріс
18.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000207
ЭКБ идентификаторы
130663
Редакция идентификаторы
130663_401531
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:18

0 2010 жылғы 18 қарашадағы Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге шекаралық ведомстволардың ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы жөніндегі хаттаманы бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 18 қарашадағы Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге шекаралық ведомстволардың ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы жөніндегі

2018 жылғы 12 тамызда Ақтауда жасалған хаттама бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 2010 жылғы 18 қарашадағы Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге шекаралық ведомстволардың ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы туралы ХАТТАМА

📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 18 сәуірдегі
№ 207 қаулысымен
бекітілген
2010 жылғы 18 қарашадағы
Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге шекаралық ведомстволардың ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Әзербайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Түрікменстан үкіметтері
2010 жылғы 18 қарашадағы Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді басшылыққа ала отырып,
шекаралық ведомстволардың ынтымақтастығын күшейту мен кеңейтудің маңыздылығын ұғына отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Осы Хаттама 2010 жылғы 18 қарашадағы Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 2-бабында көрсетілген Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларында белгіленген салалардағы өкілеттіктер шеңберінде Каспий маңындағы мемлекеттердің шекаралық ведомстволарының ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылын ұйымдастыру мәселелерін реттейді.

2 2-бап

1 1. Осы Хаттаманың ережелерін іске асыру жөніндегі Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары мыналар болып табылады:

а а) орталық деңгейде:

Әзербайжан тарапынан – Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік Шекара қызметі;
Иран тарапынан – Иран Ислам Республикасының Құқық тәртібін қорғау күштерінің Шекаралық қолбасшылығы;
Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;
Ресей тарапынан – Ресей Федерациясы Федералдық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметі;
Түрікмен тарапынан – Түрікменстанның Мемлекеттік шекара қызметі;

б б) өңірлік деңгейде:

Әзербайжан тарапынан – Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік Шекара қызметінің Жағалау күзеті;
Иран тарапынан – Мазандаран провинциясы Жағалау күзетінің қолбасшылығы, Гилан провинциясы Шекара қызметінің қолбасшылығы, Голестан провинциясы Шекара қызметінің қолбасшылығы;
Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жағалау күзетінің өңірлік басқармасы;
Ресей тарапынан – Ресей ФҚҚ Дағыстан Республикасы бойынша Шекаралық басқармасы және Ресей ФҚҚ Калмыкия Республикасы мен Астрахань облысы бойынша Шекаралық басқармасы;
Түрікмен тарапынан – Түрікменстан Мемлекеттік шекара қызметі орталық аппаратының Теңіз бөлімі.

2 2. Құзыретті органның атаулары және функциялары өзгерген жағдайда тиісті Тарап ол туралы осы Хаттаманың Депозитарийін дереу дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.

3 3-бап

Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

1 1) ақпарат алмасу;

2 2) орталық және өңірлік деңгейлерде кездесулер өткізу;

3 3) семинарлар, тренингтер өткізу және тәжірибе алмасу;

4 4) Каспий теңізіндегі құқыққа қайшы әрекеттердің профилактикасы, алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша келісілген іс-шараларды өткізу.

Тараптар мүдделілік танытқан жағдайда ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл басқа да нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін.

4 4-бап

Осы Хаттаманы іске асыру мақсатында Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары өзара мүдделілікті білдіретін, оның ішінде:
Тараптар мемлекеттерінің құқыққа қайшы әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін қарап-тексерілген немесе ұсталған кемелері (жүзу құралдары) туралы, оларға қатысты қолданылған шаралар туралы, сондай-ақ олардың салдары туралы;
Тараптар мемлекеттерінің Каспий теңізінде құқыққа қайшы әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін ұсталған азаматтары мен басқа да адамдар туралы;
Тараптар мемлекеттерінің Каспий теңізінде құқыққа қайшы әрекеттерді жүзеге асырғаны туралы оларға қатысты мәліметтер бар жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

5 5-бап

Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары ақпарат алмасуды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін телефонды, факсимильдік байланысты, электрондық поштаны және басқа да ақпараттық технологияны пайдаланады.
Жәрдем көрсету туралы сұрау салулар жазбаша нысанда жолданады.
Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда сұрау салулар орнатылған байланыс құралдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін және кейіннен 72 сағат ішінде жазбаша расталады. Қабылданған шешім туралы жауап мүмкіндігінше қысқа мерзімде жолданады.
Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін екі ай ішінде құзыретті органдар байланыс пункттерін және олардың арасындағы байланысты ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

6 6-бап

Тараптар осы Хаттама шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын және тиісті түрде сақталуын қамтамасыз етеді.
Ақпарат пен материалдардың құпиялылық дәрежесін жіберуші Тарап айқындайды.
Алынған ақпарат пен материалдар оларды ұсынған Тараптың жазбаша келісімінсіз және оның шартын сақтамай үшінші тарапқа жіберілмейді.
Егер ұсынылатын ақпарат өз мемлекетінің егемендігіне, қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі, заңнамасына немесе халықаралық міндеттемелеріне қайшы келтіретін болса, сұрау салушы Тарап ақпарат ұсынудан толық немесе ішінара бас тарта алады. Қабылданған шешім сұрау салу бастамашысына жазбаша нысанда жеткізіледі.

7 7-бап

Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары Тараптар мемлекеттерінің бірінің аумағында кезекпен жылына кем дегенде бір рет кеңес өткізеді.
Қажет болған жағдайда жұмыс топтары құрылады, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл бағыттары бойынша бірлескен жоспарлар әзірленеді.
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары келісілген іс-шараларды жүргізуді үйлестіру және олардың нәтижелерін бағалау, сондай-ақ осы Хаттаманың ережелерін іске асыру кезінде туындайтын мәселелерді шешу үшін кез келген Тараптың бастамасы бойынша жоспардан тыс жұмыс кездесулерін өткізе алады.

8 8-бап

Егер әрбір нақты жағдайда өзгеше тәртіп келісілмеген болса, осы Хаттаманы орындаумен байланысты шығыстарды әрбір Тарап дербес көтереді.

9 9-бап

Тараптар осы Хаттама шеңберінде ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде, оның ішінде сұрау салулар мен материалдарды жіберген жағдайда ағылшын және орыс тілдерін пайдаланады.

10 10-бап

Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру немесе қолдану бойынша Тараптар арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды өзара консультациялар мен келіссөздер арқылы шешеді.

11 11-бап

Әзербайжан Республикасы осы Хаттаманың Депозитарийі болып табылады.

12 12-бап

Осы Хаттаманың ережелері Тараптардың өз мемлекеттері қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

13 13-бап

Осы Хаттаманың ережелері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін алдын ала анықтау ретінде қаралмауға тиіс.

14 14-бап

Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Хаттамаға оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Хаттаманың 15-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жеке хаттамалармен ресімделеді.

15 15-бап

Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны Депозитарий алған күннен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
Әрбір Тарап бұл туралы Депозитарийдің хабардар ете отырып, осы Хаттамадан шыға алады. Бұл Тарап үшін осы Хаттама Депозитарийдің осындай хабарламаны алған күнінен бастап он екі ай бойы қолданыста болады.
2018 жылғы 12 тамызда Ақтау қаласында бір төлнұсқа данада әзербайжан, қазақ, орыс, түрікмен, парсы және ағылшын тілдерінде жасалды, бұл орайда барлық мәтіндер тең түпнұсқалы болып табылады.
Келіспеушіліктер туындаған жағдайда осы Хаттаманы түсіндіру мақсатында Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Хаттаманың төлнұсқа данасы Депозитарийге сақтауға тапсырылады, ол оның расталған көшірмелерін барлық Тараптарға жолдайды.

Қолданыстағы