Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в псотановление акимата Жалагашского района от 18 октября 2010 года N 351 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта работающих в аульной (сельской) местности"

Қаулы · № 323 · қабылданған 07.10.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2010-n-351/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменения в псотановление акимата Жалагашского района от 18 октября 2010 года N 351 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта работающих в аульной (сельской) местности" Күшін жойған Қаулы ·№ 323 ·07.10.2011
12.04.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в псотановление акимата Жалагашского района от 18 октября 2010 года N 351 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта работающих в аульной (сельской) местности"

Күшін жойған Қаулы ·№ 323 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в псотановление акимата Жалагашского района от 18 октября 2010 года N 351 "Об определении перечня должностей специалистов здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта работающих в аульной (сельской) местности"
Атауы (қаз.)
"Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 қазандағы N 351 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
323
Қабылданған күні
07.10.2011
Көрсетілген редакция
12.04.2013 61076_206063.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11LF000197
ЭКБ идентификаторы
61076
Редакция идентификаторы
61076_206063
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:29

0 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 қазандағы N 351 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 238-бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 қаулысына және "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 20-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2011 жылғы 5 қыркүйектегі N 46-2 шешіміне сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1."Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 қазандағы N 351 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 қарашада N 10-6-169 тіркелген, 2010 жылғы 1 желтоқсанда N 97 (8654) "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен айқындалған ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Дәрібаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 2011 жылғы 7 қазандағы N 323

Жалағаш ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша
2011 жылғы 18 қазандағы N 351
Жалағаш ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі

1 1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде зертхана басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);

2 2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: зертхана басшысы;

3 3) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: зертхана басшысының орынбасары;

4 4) дәріхана меңгерушісі;

5

5) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, зертханашы, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, провизор, психолог, ренген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, фармацевт, фельдшер (зертханашы).

2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

1 1) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесі (орталығы) меңгерушісі;

2 2) мамандар (бас, аға): күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

3 3) жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің басшысы;

4 4) мамандар (бас, аға): біліктілігі жоғары деңгейлі маман, маман, консультант.

3 3. Білім беру мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);

2 2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: көркемдік жетекші, әдістемелік кабинет басшысы;

3 3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер, кітапханашы, жетекші, тәрбиеші, емдәм бикесі, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, шебер, медициналық бике, әдістемеші, музыкалық жетекші, музыкатанушы, психолог, үйірме жетекшісі, хореграф, хормейстр.

4 4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде мәдениет және мұрағат ісі басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);

2 2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: көркемдік жетекші басшысы;

3 3) мұрағат, мұрағат қоймасы, кітапхана, клуб, мұражай меңгерушісі;

4

4) мамандар (бас, аға), оның ішінде: аккомпаниатр, мұрағатшы, балетмейстр, библиограф, кітапханашы, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, музыкалық жетекші, бағдарламашы, редактор, режиссер, үйірме жетекшісі, хормейстр, сақтаушы (оның ішінде мұражайлардағы қорларды), барлық атаудағы суретшілер.

5 5) техникалық орындаушылар, оның ішінде: мұрағатшы, мұражай қараушысы.

5 5. Спорт мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде спорт басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);

2 2) бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлім), филиал) басшысы;

3 3) оқу ісінің меңгерушісі;

4 4) мамандар (бас, аға), оның ішінде: нұсқаушы, әдістемеші, жаттықтырушы, медициналық бике.

Қолданыстағы