О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2010 года № 218 "Об утверждении Правил разработки, реализации, проведения мониторинга, оценки и контроля отраслевых программ"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2010 года № 218 "Об утверждении Правил разработки, реализации, проведения мониторинга, оценки и контроля отраслевых программ"
- Атауы (қаз.)
- "Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 475
- Қабылданған күні
- 08.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2017 AI72575_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000475
- ЭКБ идентификаторы
- 72575
- Редакция идентификаторы
- AI72575_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:06
0 "Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 188-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесінде:
13-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"нысаналы технологиялық бағдарламалар (болған кезде) арқылы іске асырылатын дағдарысты технологиялардың тізбесін қоса алғанда, саланы (секторды) инновациялық-технологиялық дамытуды талдау. Сондай-ақ басқарушылық технологияларды жақсартуға және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіруге бағытталған қызметтің инновациялық құрауышы талданады;";
14-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"бағдарламаның міндеттері "Ағымдағы жағдайды талдау" бөлімінде
көрсетілген проблемаларды шешу және тиісті саланы (секторды)
инновациялық-технологиялық дамыту, сондай-ақ басқарушылық технологияларды жақсартуға және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіруге бағытталған қызметтің инновациялық құрауышының қажеттілігі ескеріле отырып айқындалатын мақсаттарға қол жеткізу жолдарын білдіреді;";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Салалық бағдарламаны оны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және саланы инновациялық-технологиялық дамыту бөлігінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен келіседі.".