Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Жаксынского районного маслихата от 18 октября 2010 года № ВС-28-4 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Өзге акт · № С-34-5 · қабылданған 17.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2010-no-28-4/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Жаксынского районного маслихата от 18 октября 2010 года № ВС-28-4 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" Күшін жойған Өзге акт ·№ С-34-5 ·17.06.2011
27.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Жаксынского районного маслихата от 18 октября 2010 года № ВС-28-4 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Күшін жойған Өзге акт ·№ С-34-5 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Жаксынского районного маслихата от 18 октября 2010 года № ВС-28-4 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Атауы (қаз.)
Жақсы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 қазандағы № ВС-28-4 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
С-34-5
Қабылданған күні
17.06.2011
Көрсетілген редакция
27.03.2012 59608_195197.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11BM000136
ЭКБ идентификаторы
59608
Редакция идентификаторы
59608_195197
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:10

0 Жақсы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 қазандағы № ВС-28-4 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 cәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартының 11 тармағына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Жақсы аудандық мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 18 қазандағы № ВС-28-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-13-121 тіркелген, 2010 жылдың 10 желтоқсанында аудандық «Жақсы жаршысы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақтың 2) тармақшасының 2, 3, 4 азат жолдары жаңа редакцияда баяндалсын:
«емделуге бару жолының, сонымен жүріп-тұру қиындығы кезінде ілесіп жүрушілерге төлеу Ақмола облысының шеңберінде екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде, Ақмола облысынан тыс жерлерге он айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
дәрі-дәрмекті сатып алуға біржолғы он айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
алдын-ала емдеуге біржолғы елу айлық есептік көрсеткіш көлемінде;»;
келесі мазмұндағы 1-1 тармағымен толықтырылсын:
«1-1. Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.»;
жоғарыда көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН
Жақсы ауданының әкімі И.Қабдуғалиев
«Жақсы ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Л.Сейдахметова
«Жақсы ауданының экономика
және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.Дүзелбаев

3 Жақсы аудандық мәслихатының

2011 жылғы 17 маусымдағы
№ С-34/5 шешіміне қосымша
Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1 1. Мүгедектерге емделуге бару жолының, олармен жүріп-тұру қиындығы кезінде ілесіп жүрушілерге төлеу:

1 1) өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3 3) 16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәліктің көшірмесі;

4 4) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;

5 5) өтініш берушінің есеп айырысу шотының көшірмесі;

6 6) әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің көшірмесі (бұдан әрі - ӘЖК);

7 7) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;

8 8) дәрігерлік мекеменің емделуге берген жолдаманың көшірмесі.

2 2. Мүгедектерге дәрі-дәрмек сатып алуға:

1 1) өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3 3) 16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәліктің көшірмесі;

4 4) мүгедектігі туралы анықтама көшірмесі;

5 5) өтініш берушінің есеп айырысу шотының көшірмесі;

6 6) ӘЖК көшірмесі;

7 7) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;

8 8) дәрі-дәрмек сатып алуға мұқтаждығы туралы дәрігерлік мекеме құжатының көшірмесі.

3 3. Мүгедектерге алдын-ала емдеуге:

1 1) өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3 3) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;

4 4) өтініш берушінің есеп айырысу шотының көшірмесі;

5 5) ӘЖК көшірмесі;

6 6) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі.

4 4. Отбасыларға (азаматтарға) азаматтықты алу үшін құжаттарды ресімдеуге:

1 1) басқа мемлекет азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2 2) көші-қон картасының көшірмесі;

3 3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың көшірмесі, басқа мемлекет азаматтың жеке басын куәландыратын құжаты болмағанда азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесі;

4 4) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

5 5. Отбасыларға (азаматтарға) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше апатқа байланысты:

1 1) өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3 3) өтініш берушінің есеп айырысу шотының көшірмесі;

4 4) ӘЖК көшірмесі;

5 5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;

6 6) төтенше апатты растайтын құжаттың көшірмесі.

6 6. Онкологиялық аурумен ауыратындарға оталық емдеуден кейінгі кезеңге:

1 1) өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3 3) өтініш берушінің есеп айырысу шотының көшірмесі;

4 4) ӘЖК көшірмесі;

5 5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;

6 6) ота өткізілген фактісін растайтын, ауру тарихынан үзінді.

7 7. Үйсіздерге (белгілі тұратын жері жоқ тұлғаларға):

1 1) өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3 3) өтініш берушінің есеп айырысу шотының көшірмесі;

4 4) азаматтың осы санатқа жататындығы туралы ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының анықтамасы.

8 8. Бас бостандығынан айыру орнынан босағандарға:

1 1) өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3 3) өтініш берушінің есеп айырысу шотының көшірмесі;

4 4) ӘЖК көшірмесі;

5 5) бас бостандығынан айыру орнынан босаған фактісін растайтын құжаттың көшірмесі.

9 9. Туберкулезбен ауыратындарға, туберкулездік диспансерде емделуде жатқандарға:

1 1) өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3 3) өтініш берушінің есеп айырысу шотының көшірмесі;

4 4) ӘЖК көшірмесі;

5 5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;

6 6) туберкулездік диспансерде емделуде жатқандығы туралы дәрігерлік мекеменің анықтамасы.

10 10. Колледждердегі оқудың күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық елді мекендердегі аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге оқытуды төлеу үшін:

1 1) өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3 3) өтініш берушінің есеп айырысу шотының көшірмесі;

4 4) ӘЖК көшірмесі;

5 5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;

6 6) оқу орнын растайтын анықтама;

7 7) оқуға келісім-шарттың көшірмесі;

8 8) отбасының табысы туралы мәліметті немесе көп балалы отбасы мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмелері.

11 11. Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін өтініш берген күні құжаттардың түпнұсқалары өтінушіге қайтарылады.

Қолданыстағы