О внесении изменения в постановление акимата Шортандинского района от 18 марта 2011 года № А-1/57 "Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Шортандинского района от 18 марта 2011 года № А-1/57 "Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года"
- Атауы (қаз.)
- Шортанды ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № А-1/57 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- A-2/220
- Қабылданған күні
- 05.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 23.10.2014 AI60711_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11BR000141
- ЭКБ идентификаторы
- 60711
- Редакция идентификаторы
- AI60711_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:40
0 Шортанды ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № А-1/57 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шортанды ауданы әкімдігінің «2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2011 жылғы 18 наурыздағы № А-1/57 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-18-130 тіркелген, 2011 жылғы 9 сәуірде аудандық «Өрлеу», «Вести» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
Шортанды ауданы әкімдігінің көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Атабаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысы Шортанды ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Е. Бегімқұлов
«Ақмола облысы ішкі істер Департаментінің
Шортанды аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ. Бабжанов
Ақмола облысы денсаулық сақтау
басқармасының жанындағы
«Шортанды орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық
қазынашылық кәсіпорнының бас дәрігері А. Шәріпова
4 Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Ақмола облысы Шортанды
ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 5 қыркүйектегі
№ А-2/220 қаулысына қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Бегімқұлов Ерсайын Елемесұлы
майор, «Ақмола облысы Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, аудандық шақыру комиссиясының төрағасы
Атабаев Марат Алтайбекұлы
Шортанды ауданы әкімінің орынбасары, аудандық шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары
Шақыру комиссиясының мүшелері:
Әшімов Шыңғыс Бауыржанұлы
полиция капитаны, «Ақмола облысының ішкі істер Департаментінің Шортанды ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары
Иманбаева Райхан Болатқызы
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Шортанды орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының дәрігер-терапевті, медициналық комиссияның төрайымы
Машанло Кристина Сергеевна
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Шортанды орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының емханасының медициналық бикесі, аудандық шақыру комиссиясының хатшысы;