Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 18 марта 2011 года № 159 «Об утверждении Инструкции расчета себестоимости летного часа при выполнении полетов на субсидируемых маршрутах»

Бұйрық · № 168 · қабылданған 31.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2011-no-159/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 18 марта 2011 года № 159 «Об утверждении Инструкции расчета себестоимости летного часа при выполнении полетов на субсидируемых маршрутах» Қолданыста Бұйрық ·№ 168 ·31.03.2022
31.03.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 18 марта 2011 года № 159 «Об утверждении Инструкции расчета себестоимости летного часа при выполнении полетов на субсидируемых маршрутах»

Қолданыста Бұйрық ·№ 168 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 18 марта 2011 года № 159 «Об утверждении Инструкции расчета себестоимости летного часа при выполнении полетов на субсидируемых маршрутах»
Атауы (қаз.)
«Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындау кезінде ұшу сағатының өзіндік құнын есептеу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 159 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
168
Қабылданған күні
31.03.2022
Көрсетілген редакция
31.03.2022 165864_566174.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027345
ЭКБ идентификаторы
165864
Редакция идентификаторы
165864_566174
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:45

0 «Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындау кезінде ұшу сағатының өзіндік құнын есептеу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы

18 наурыздағы № 159 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындау кезінде ұшу сағатының өзіндік құнын есептеу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6856 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзiндiк құны есебiнiң нұсқаулығында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ұшу сағатының өзіндік құнына мынадай шығыстар кіреді:
1) техникалық қызмет көрсету шығыстары – осы шығыстарға әуе кемелерін, қозғалтқыштар мен қосалқы және жинақтаушы бөлшектерді күрделі жөндеу мен ағымдағы жөндеуге кеткен шығыстар, сондай-ақ әуе кемесі бойынша барлық жөндеу түрлерін орындау жөніндегі рәсімдер құны;
2) тұрақты шығыстар – осы шығыстарға өндірістік процеске байланысты барлық шығындар, әуе кемелері және әуе кемелері мен қозғалтқыштар үшін қосалқы бөлшектер қаржылық және операциялық лизинг шарты бойынша жалдау төлемдері, кредит бойынша сыйақы төлемдері, әуе кемесі бойынша барлық тәуекелдерден әуе кемелерін, қозғалтқыштар мен қосалқы бөлшектерді сақтандыру шығыстары, әуе кемелері үшін қосалқы бөлшектер мен компоненттердің жалпы қорын қамтамасыз ету және әуе кемелерін модификациялау шығыстары, әуе кемесі бойынша техникалық инспекциялау, әуе кемесінің және оның компоненттерінің амортизациялық аударымдары, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген қызметтер бойынша кедендік баждар мен кедендік тазалау және сақтау қызметтерінің шығыстары;
3) өндірістік және үстеме шығыстар – осы шығыстарға авиакомпанияның өндірістік қызметін үздіксіз қамтамасыз етуші өндірістік қызметтерді (ұшу персоналы, бортсеріктер мен инженерлік-техникалық персонал) ұстауға арналған, сондай-ақ авиакомпанияның өндірістік ғимараттар, құрылыстар мен техникалық кешендерді ұстауға және пайдалануға арналған шығыстар. Аталған шығыстар мыналарды да қамтиды: амортизациялық аударымдар, өндірістік мұқтаждықтар үшін автокөлік, жердегі жабдық пен техника шығыстары, ұйымдастыру техникасы бойынша шығыстар, коммуникациялық қызметтерге арналған шығыстар; ұшу жарамдылығы сертификаттары, әуе кемелерін тіркеу сертификаттары үшін төлемдер бойынша шығыстар, қоршаған ортаға эмиссия және авиация персоналын оқыту үшін төлем;
4) кезеңдегі шығыстар – осы шығыстарға өндірістік қызметпен байланысты емес компанияның шығындары кіреді:
жалпы және әкімшілік шығыстар – өндірістік үдеріспен байланысты емес басқару және шаруашылық шығыстарын ескеретін шығындар.
өнімді іске асыру және қызметтер көрсету бойынша шығыстар (агенттерге комиссиялық пайыздарды қоспағанда) – өнімді іске асыру және қызметтер көрсетумен байланысты шығындар.
Өндірістік және үстеме шығыстар, кезеңдегі шығыстар авиакомпаниялар жүзеге асыратын барлық рейстердің жалпы ұшу сағатындағы субсидияланған рейстердің тиісті ұшу көлемінің сағаты мөлшерінде қабылданады, олар келесідей есептеледі:
V=(R2/R1)*100%
V – субсидиялау көлемі (%)
R1 – барлық рейстердің жалпы ұшу сағаты
R2 – субсидияланатын рейстердің ұшу сағаты.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ұшу сағатының өзіндік құнын есептеу кезінде төмендегі мынадай шығыстар есептелмейді:
нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауарлық-материалдық құндылықтардың және қоймалардағы қорлардың бүлінуі мен жетіспеушілігіне басқа өндірістік емес шығыстар мен ысыраптар;
өндірістік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;
сот шығындары;
қарыздар;
шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыз төлемдер мен санкциялардың басқа түрлері;
табысты жасырғаны (төмендеткені) үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар;
залалдар;
қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтарды (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу) ұстау бойынша шығыстар;
құзыретті органмен келісілген технологиялық қажеттіліктен басқа денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындарына, кәсіптік-техникалық училищелер объектілерін ұстауға шығыстар;
сауықтыру лагерлерін, мәдени және спорт объектілерін, тұрғын-үй қорын ұстауға шығыстар;
мәдени-ағарту, сауықтыру және спорт іс-шараларын (демалыс кештерін, спектакльдер мен концерттер өткізу) өткізуге шығыстар;
кәсіпорындардың қызметкерлеріне тұрғын-үй жағдайларын жақсартуға, бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығын жүргізуге берілген несиелерді (пайызсыздарын қоса алғанда) өтеуге шығыстар;
бақшалық серіктестіктерді абаттандыру (оның ішінде жол салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа шығыстарды жүзеге асыру) жөніндегі шығыстар;
дәрістер, көрмелер, пікірсайыстар, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулер, ғылыми-техникалық конференциялар өткізуге және ұйымдастыруға шығыстар;
бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалар бойынша, жарнамалық, плакаттық және баспаханалық өнімдер шығару бойынша шығыстар;
персонал үшін пәтерлерді, тұрғын ғимараттарды және құрылыстарды, жатақханалар мен қонақ үйлердегі орындарды сатып алуға, жалдауға және ұстауға арналған шығыстар;
қаланы абаттандыру, ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды және осы тәріздес басқа да жұмыстарды орындауға шығыстар;
білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлердің еңбек демалыстарына ақы төлеуге шығыстар;
жұмыс корытындылары бойынша сыйлықақы беруге және сыйақының басқа да нысандарына шығыстар;
кәсіби ауруларды оңалту еміне байланысты шығындардан басқа, авиакомпания қаражаттарының есебінен қызметкерлерге және олардың балаларына емделуге, демалуға, саяхатқа шығуға жолдамаларға ақы төлеу жөніндегі шығыстар;
міндетті төлемдерді қоспағанда, сақтандыру төлемдері (кәсіпорындармен өз қызметкерлерінің пайдасына жасалған жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша кәсіпорындар төленетін жарналар);
қызметкерлерге, оның ішінде балалар тәрбиелейтін әйелдерге қосымша берілетін демалыстарға (еңбек заңнамасында көзделгеннен тыс) ақы төлеуге, қызметкердің отбасы мүшелеріне демалысты өткізетін жеріне және қайтар жолына жалақы төлеуге, сондай-ақ пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төлеуге шығыстар;
демеушілік көмектің барлық түрлерін көрсетуге шығыстар;
еңбек заңнамасында көзделгеннен басқа қызметкерлерге (қызметкерлерге тамақты тегін немесе төмендетілген бағамен беру, сауықтыру топтарына, секцияларда, клубтарда шұғылдануға арналған абонементтерге, протез салуға ақы төлеу) жеңілдіктер;
мерейтойлық күндерге немесе қызметкерлерге ынталандыру түрінде берілетін (автокөлік, пәтерлер, ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар, сондай-ақ қызметкерлердің жеке есептерінің пайыздық мөлшерлемелерін арттыру) сыйлықтарды сатып алуға шығыстар;
мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі, шипажайлардағы және сауықтыру лагерлеріндегі балалар тамақтарының құнын өтеуге шығыстар;
ұжымдық шартта айқындалған мақсаттар үшін кәсіподақтарға аударым жасау шығыстары;
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізуге, өнертапқыштық пен рационализаторлық ұсыныстар бойынша модельдер мен үлгілерді жасауға және сынауға (реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынған кезде қолданылатын жұмыстарды қоспағанда), көрмелер, байқаулар, конкурстар мен басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға, авторлық сыйақылар төлеуге және т.б. байланысты шығыстар;
консультациялық шығыстар;
өндірістік қызметті жүзеге асыруға тікелей қатысы жоқ шығыстар.».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы