Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 18 апреля 2011 года № 217 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Ереже · № 53 · қабылданған 29.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2011-no-217/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 18 апреля 2011 года № 217 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 53 ·29.10.2012
18.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 18 апреля 2011 года № 217 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 53 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 18 апреля 2011 года № 217 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 217 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
53
Қабылданған күні
29.10.2012
Көрсетілген редакция
18.02.2013 AI68649_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NI003891
ЭКБ идентификаторы
68649
Редакция идентификаторы
AI68649_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:03

0 Мәслихаттың 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 217 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген, Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 217 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-9-134 тіркелген, 2011 жылғы 31 мамырда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп- ұстау, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысы, тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құны шығындарының төлем сомасы арасындағы айырмашылық ретiнде, нормалар және отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға шығындарының шектi жол берiлетiн деңгейi шегiнде айқындалады.
Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 7412 нөмiрiмен тiркелген, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес, тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi, тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын негiзге алғанда уәкiлеттi органмен анықталады.";
13–тармақ алынып тасталсын.
15–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысынан 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.";
22–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"22. Тұрғын үй көмегiн төлеу уәкiлеттi органмен тұрғын үй көмегiн алушының өтiнiшi бойынша тұрғын үй көмегiн алушының, қызмет көрсетушiлердiң, кондоминимум объектiлерiн басқару органдарының банктiк шоттарына екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылады.
Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкiлеттi органмен ай сайын жүргiзiледi.".

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Жангелдин ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Л. Зейнекина

Қолданыстағы