О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 мая 2011 года № 220 «Об утверждении Правил регистрации воздушных судов государственной авиации Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 мая 2011 года № 220 «Об утверждении Правил регистрации воздушных судов государственной авиации Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 220 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 480
- Қабылданған күні
- 28.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2020 146850_482923.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021312
- ЭКБ идентификаторы
- 146850
- Редакция идентификаторы
- 146850_482923
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:36
0 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 220 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекіту туралы 2011 жылғы 18 мамырдағы № 220 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылғы
2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары альбомының (бұдан әрі – альбом)
1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әуе кемелерін қабылдау-тапсыру актісі (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген);»;
5-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) альбомның 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әуе кемелерін қабылдау-тапсыру актісі;»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Әуе кемелерін Тізілімге тіркеуден (Тізілімнен алудан, Хабарлама телнұсқасын беруден) бас тарту үшін негіз осы Қағидалардың 4, 5 және
6-тармақтарына сәйкес құжаттар тізімін толық ұсынбау болып табылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі