Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 мая 2011 года № 220 «Об утверждении Правил регистрации воздушных судов государственной авиации Республики Казахстан»

Бұйрық · № 392 · қабылданған 02.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2011-no-220/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 мая 2011 года № 220 «Об утверждении Правил регистрации воздушных судов государственной авиации Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 392 ·02.05.2023
02.05.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 мая 2011 года № 220 «Об утверждении Правил регистрации воздушных судов государственной авиации Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 392 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 мая 2011 года № 220 «Об утверждении Правил регистрации воздушных судов государственной авиации Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 220 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
392
Қабылданған күні
02.05.2023
Көрсетілген редакция
02.05.2023 180792_631602.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032434
ЭКБ идентификаторы
180792
Редакция идентификаторы
180792_631602
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:20

0 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 220 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 18 мамырдағы № 220 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қару-жарақ пен әскери техника жөніндегі орынбасарына жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Әуе кемесiн тiркеу (шығару) және Хабарлама беру тәртiбi»;
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Тізілімге тіркелуге жататын ұшқышсыз әуе кемелері мынадай санаттарға бөлінеді:
1) орындалатын міндеттердің арналуы мен түрі бойынша:
жауынгерлік (соққы беретін) – авиациялық зақымдау құралдарымен соққы беру үшін арналған әуе кемелері;
барлау – инфрақызыл және теледидарлық диапазондарда барлау, қадағалау құралдарымен әуеде барлау жүргізу және қашықтықты лазерлік метрлеу үшін арналған әуе кемелері;
көп мақсатты – бір уақытта немесе ұшуға арналған тапсырмаға байланысты бірнеше міндетті шешу үшін арналған әуе кемелері;
2) басқару қағидаты бойынша:
автономды – оператордың араласуынсыз навигациялық кешенге енгізілген бағдарламаға сәйкес ұшу тапсырмасын орындайтын әуе кемелері;
қашықтықтан басқару – жерүсті басқару станциясынан (басқару пунктінен) оператор басқаратын әуе кемелері;
аралас – ұшуда оператор жерүсті басқару станциясынан (басқару пунктінен) автоматты түрде немесе көрсетілген тәсілдерді үйлестірумен басқаратын әуе кемелері;
3) массалық-габариттік сипаттамалары бойынша:
микро – барынша ұшу массасы 10 килограмм аз болатын әуе кемелері;
шағын – барынша ұшу массасы 10 бастап 100 килограмм дейінгі әуе кемелері;
орташа – барынша ұшу массасы 100 бастап 1 000 килограмм дейінгі әуе кемелері;
ауыр – барынша ұшу массасы 1 000 килограммнан асатын әуе кемелері;
4) ұшуды орындау биіктігі бойынша:
шекті төмен биіктіктерде – жергілікті жер бедерінен немесе су бетінен 200 метрге дейінгіні қоса алғанда;
төмен биіктіктерде – жергілікті жер бедерінен немесе су бетінен 200 бастап 1 000 метрге дейінгіні қоса алғанда;
орташа биіктіктерде – теңіз деңгейінен 1 000 бастап 4 000 метрге дейінгіні қоса алғанда;
үлкен биіктіктерде – теңіз деңгейінен 4 000 бастап 12 000 метрге дейінгіні қоса алғанда;
стратосферада – теңіз деңгейінен 12 000 метрден жоғары.»;
Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларын орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қару-жарақ пен әскери техника жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

1 ЕЛТАҢБА Уәкілетті орган __________________________________________________________________________ Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиация әуе кемелерiнің тiзiлiмiне әуе кемелерін мемлекеттік тiркеу туралы ХАБАРЛАМА №_____

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 2 мамырдағы
№ 392 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
1-қосымша
ҮЛГІ
ЕЛТАҢБА
Уәкілетті орган

__________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиация
әуе кемелерiнің тiзiлiмiне әуе кемелерін мемлекеттік тiркеу туралы
ХАБАРЛАМА
№_____
Мемлекеттiк авиация әуе кемесiнiң түрi
Мемлекеттiк авиация
әуе кемесiнiң толық зауыттық нөмірі
Шығарылған жылы
Мемлекеттiк және тiркеу тану белгiлерi *
Пайдаланушы________________________________________________________
Негіздеме____________________________________________________________
Мемлекеттiк авиация әуе кемесi Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң
тiзiлiмiнде тiркелгенiн куәландырады.
__________________________ ____________ ________________________
(уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
Мөр орны
20 ___ жылғы «___»___________
Ескертпе: *Халықаралық аэронавигацияда қолданылатын мемлекеттік
авиация әуе кемесі үшін толтырылады.
(артқы жағы) ҮЛГІ
МЕМЛЕКЕТТIК АВИАЦИЯНЫҢ ӘУЕ КЕМЕСIН БЕРУ ТУРАЛЫ БЕЛГI
Пайдаланушы________________________________________________________
Негіздеме____________________________________________________________
__________________________ _________ ___________________________
(уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
Мөр орны
20 ___ жылғы «___»___________
Пайдаланушы________________________________________________________
Негіздеме___________________________________________________________
__________________________ ________ ___________________________
(уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
Мөр орны
20 ___ жылғы «___»___________
Пайдаланушы________________________________________________________
Негіздеме____________________________________________________________
__________________________ _________ ___________________________
(уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
Мөр орны
20 ___ жылғы «___»___________
Пайдаланушы________________________________________________________
Негіздеме____________________________________________________________
__________________________ _________ ___________________________
(уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
Мөр орны
20 ___ жылғы «___»___________

2 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы «__» _________
№ ___ бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
2-қосымша
ҮЛГІ
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының
әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы
ӨТІНІМ
____________________________________________________________________
(әуе кемесінің түрі)
Зауыттық нөмірі______________________________________________________
Шығарылған күні (әскери өкіл қабылдап алған күні)________________________
____________________________________________________________________
(авиациялық қозғалтқыштардың түрі және олардың зауыттық нөмірі)
_________________________________авиациялық қозғалтқыштары орнатылған
_____________________________________________________________жататын
(пайдаланушы және оның мекенжайы)
__________________________________________________________келіп түскен
____________________________________________________________негізінде
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тізілімінде
тіркеуді сұраймын.
Қосымша мәліметтер:
1. Санаты (әуе кемесінің арналуы)__________________________________
2. Ең ауыр ұшу салмағы, килограмм________________________________
Қосымшалар:____________________________________________________
______________________ _______ ___________________________
(мемлекеттік органның, (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
мекеменің басшысы) (бар болған жағдайда))

Мөр орны
20 ____жылғы «____» __________

3 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы «__» _________
№ ___ бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
3-қосымша
ҮЛГІ
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына
Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы әуе кемелерiнiң
тiзiлiмiнен мемлекеттiк авиациясы әуе кемесiн шығару туралы
ӨТІНІМ
____________________________________________________________________________жататын
(пайдаланушы және оның мекенжайы)
___________________________________________________________________________________
(әуе кемесінің түрі)
Зауыттық нөмірі_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(авиациялық қозғалтқыштардың түрі және олардың зауыттық нөмірі)
___________________________________________авиациялық қозғалтқыштары орнатылған
Мемлекеттiк авиациясы әуе кемесiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе
кемелерiнiң тізіліміне мемлекеттік тiркеу туралы 20 ___жылғы «__»___________ берілген
№ ______ хабарлама
мемлекеттік және тіркеу тану белгілері__________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________байланысты
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тiзiлiмiнен шығаруын сұраймын.
Қосымша мәліметтер:
1. Санаты (әуе кемесінің арналуы)__________________________________
2. Ең ауыр ұшу салмағы, килограмм ________________________________
Қосымшалар: ___________________________________________________
___________________________ _____ _______________________________________
(уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Мөр орны
20 ____жылғы «______» _______

4 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы «__» _________
№ ___ бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
4-қосымша
ҮЛГІ
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына
Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тізіліміне әуе кемесiн мемлекеттік
тiркеу туралы хабарламаның көшірмесін алуға
ӨТІНІМ
_______________________________________________________________
(әуе кемесінің түрі, борттық нөмірі)
әуе кемесінің Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң
тізіліміне мемлекеттік тiркеу туралы 20___жылғы «___»_________ № ________
хабарламаны ауыстыруды (телнұсқа беруді) сұраймын.
Ауыстыру (телнұсқа беру) себебі___________________________________
____________________________________________________________________.
Куәлікті жоғалтуға, зақымдауға (бүлдіруге) әкеп соқтырған жағдайлар
___________________________________________________________.
Әуе кемесі туралы деректер:
Әуе кемесінің түрі_______________________________________________
Зауыттық нөмірі _________________________________________________
Шығарылған күні (әскери өкілдің қабылдап алған күні) _______________
Қондырылған қозғалтқыштар _____________________________________
____________________________________________________________________
(авиациялық қозғалтқыштардың түрі мен зауыттық нөмірі)
Санаты (әуе кемесінің арналуы)____________________________________
Ең ауыр ұшу салмағы, килограмм__________________________________
_______________________________________________________________тиесілі
(пайдаланушы және оның мекенжайы)
__________________________________________________________келіп түскен
____________________________________________________________негізінде.
Қосымшалар:____________________________________________________
_____________________ _______ ___________________________
(мемлекеттік органның, (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
мекеменің басшысы) (бар болған жағдайда))
Мөр орны
20 ____жылғы «___» _________

Қолданыстағы