Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 18 августа 2011 года № 244 "Об утверждении Правил передачи областного коммунального имущества в доверительное управление"

Қаулы · № 341 · қабылданған 28.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2011-no-244/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 18 августа 2011 года № 244 "Об утверждении Правил передачи областного коммунального имущества в доверительное управление" Күшін жойған Қаулы ·№ 341 ·28.11.2011
26.02.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 18 августа 2011 года № 244 "Об утверждении Правил передачи областного коммунального имущества в доверительное управление"

Күшін жойған Қаулы ·№ 341 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 18 августа 2011 года № 244 "Об утверждении Правил передачи областного коммунального имущества в доверительное управление"
Атауы (қаз.)
Облыстың коммуналдық мүліктерін сенімгерлік басқаруға беру Қағидасын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
341
Қабылданған күні
28.11.2011
Көрсетілген редакция
26.02.2014 61987_160464.kaz
Соңғы өзгеріс
26.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11M0002115
ЭКБ идентификаторы
61987
Редакция идентификаторы
61987_160464
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:03

0 Облыстың коммуналдық мүліктерін сенімгерлік басқаруға беру Қағидасын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Облыстың коммуналдық мүліктерін сенімгерлік басқаруға беру Қағидасын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 244 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2105 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2011 жылғы 10 қыркүйегінде № 148-149 (8008) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбындағы және 1-тармағындағы «облыстың» деген сөз алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген, облыстың коммуналдық мүліктерін сенімгерлік басқаруға беру Қағидасында:
бүкіл мәтіні бойынша «облыстық» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Облыстық коммуналдық мүлкіндегі объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді, Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы негізінде, облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы қабылдайды.
Аудандық коммуналдық мүлкіндегі объектіні сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді, облыстық коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган келісімінің қорытындылары бойынша және қала (аудан) әкімдігінің қаулысы негізінде, аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы қабылдайды.»;
көрсетілген Қағиданың 1-қосымшасында:
көрсетілген қосымшаның тақырыбындағы және мәтін бойынша «облыстық» деген сөз алып тасталсын;
көрсетілген Қағиданың 2-қосымшасында «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» деген сөздер алып тасталсын;
көрсетілген Қағиданың 3-қосымшасында:
«облыстық» деген сөз алып тасталсын;
«Маңғыстау облысы әкімдігінің» деген сөздер «облыс (қала, аудан) әкімдігінің» деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.С. Қыраубаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Маңғыстау облысы қаржы
басқармасының бастығы
М.Б. Әлібекова
28 қараша 2011 жыл.
КЕЛІСІЛДІ:
Ә.С. Қыраубаев
Е.Е. Серікбаев
Ж.А. Оспанова
А. Әбдешұлы
М.Б. Әлібекова
Маңғыстау облысы
қаржы басқармасының бастығы

Қолданыстағы