Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата города Степногорска от 18 февраля 2011 года № А-2/48 "Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для встреч с избирателями"

Қаулы · № А-6/235 · қабылданған 24.06.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2011-no-248/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата города Степногорска от 18 февраля 2011 года № А-2/48 "Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для встреч с избирателями" Күшін жойған Қаулы ·№ А-6/235 ·24.06.2013
13.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата города Степногорска от 18 февраля 2011 года № А-2/48 "Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для встреч с избирателями"

Күшін жойған Қаулы ·№ А-6/235 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата города Степногорска от 18 февраля 2011 года № А-2/48 "Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для встреч с избирателями"
Атауы (қаз.)
Степногорск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № А-2/48 "Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-6/235
Қабылданған күні
24.06.2013
Көрсетілген редакция
13.01.2020 73584_439393.kaz
Соңғы өзгеріс
13.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13BB003770
ЭКБ идентификаторы
73584
Редакция идентификаторы
73584_439393
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:54

0 Степногорск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № А-2/48 "Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28 бабының 6 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № А-2/48 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-140 болып тіркелген, «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде 2011 жылғы 24 ақпанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.В.Тарасоваға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Степногорск қалалық аумақтық
сайлау комиссияның төрағасы А. Темірбаев

4 Степногорск қаласы әкімдігінің

2013 жылғы 24 маусымдағы
№ А-6/235 қаулысына
қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ т/т
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1.
Степногорск қаласы, № 3 шағын аудан, «Степногорск қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Горняк» Орталық мәдениет сарайы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны № 84 ғимаратының жанындағы тақтасы
2.
Степногорск қаласы, № 1 шағын аудан, аурухана кешені, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Степногорск орталық қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жанындағы тақтасы
3.
Степногорск қаласы, № 9 шағын аудан, Ақмола облысы білім басқармасының «Степногорск қаласы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 4 балалар үйі» мемлекеттік мекемесі № 4 ғимаратының жанындағы тақтасы
4.
Степногорск қаласы, № 6 шағын аудан, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, облыстық «Жастар» жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталығы)» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны № 13 ғимаратының жанындағы тақтасы
5.
Степногорск қаласы, № 1 шағын аудан, Степногорск қаласының білім бөлімінің жанындағы «Балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны № 47 ғимаратының жанындағы тақтасы
6.
Степногорск қаласы, № 4 шағын аудан, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны № 47 ғимаратының жанындағы тақтасы
7.
Степногорск қаласы, Ақсу кенті, Қабылденов көшесі, Степногорск қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Ақсу кентінің Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны № 3 ғимаратының жанындағы тақтасы
8.
Степногорск қаласы, Ақсу кенті, Нәбиев көшесі, «Ақсу кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі № 26 ғимаратының жанындағы тақтасы
9.
Степногорск қаласы, Заводской кенті, Бауыржан Момышұлы көшесі, «Заводской кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі № 15 ғимаратының жанындағы тақтасы
10.
Степногорск қаласы, Заводской кенті, Мир көшесі, «Степногорск қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі № 11а ғимаратының жанындағы тақтасы
11.
Степногорск қаласы, Шаңтөбе кенті, № 1 шағын аудан, «Степногорск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Шаңтөбе кенті «Горняк» Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны № 23 ғимаратының жанындағы тақтасы
12.
Степногорск қаласы, Бестөбе кенті, Мир көшесі, «Степногорск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Рауан» Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны № 492 ғимаратының жанындағы тақтасы
13.
Степногорск қаласы, Бестөбе кенті, Горький көшесі, Степногорск қаласының білім бөлімінің «Бестөбе кентінің № 2 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі № 47 ғимаратының жанындағы тақтасы
14.
Степногорск қаласы, Қарабұлақ селосы, Ленин көшесі, «Қарабұлақ селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі № 24 ғимаратының жанындағы тақтасы
15.
Степногорск қаласы, Изобильное ауылы, Казахстанская көшесі, «Степногорск қаласының Изобильный ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі № 9 ғимаратының жанындағы тақтасы
16.
Степногорск қаласы, Бөгенбай ауылдық округі, Степногорское ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, «Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі № 1 ғимаратының жанындағы тақтасы
17.
Степногорск қаласы, Қырық құдық ауылы, Бөгенбай Батыр көшесі, «Степногорск қаласы Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі № 9 ғимаратының жанындағы тақтасы

Қолданыстағы