О внесении изменений в решение акима административно–территориальной единицы села Терисаккан Кобдинского района от 18 июля 2011 года № 3 «О переименовании улиц села Терисаккан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима административно–территориальной единицы села Терисаккан Кобдинского района от 18 июля 2011 года № 3 «О переименовании улиц села Терисаккан»
- Атауы (қаз.)
- Қобда ауданы Терісаққан ауылы әкімшілік – аумақтық бірлігінің әкімінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 3 «Терісаққан ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 21
- Қабылданған күні
- 27.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2017 118339_286365.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CGQ05866
- ЭКБ идентификаторы
- 118339
- Редакция идентификаторы
- 118339_286365
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:20
0 Қобда ауданы Терісаққан ауылы әкімшілік – аумақтық бірлігінің әкімінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 3 «Терісаққан ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизия және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Қобда ауданының Терісаққан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қобда ауданы Терісаққан ауылы әкімшілік – аумақтық бірлігінің әкімінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 3 «Терісаққан ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-7-126 тіркелген, 2011 жылғы 15 қыркүйекте аудандық «Қобда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің деректемелеріндегі «Терісаққан ауылы әкімшілік-аумақтық бірлігінің» сөздері «Терісаққан ауылдық округінің» сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімнің мәтіні бойынша «аула» сөзі «села» сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Терісаққан ауылы – әкімшілік аумақтық бірлігі халқының конференциясының 2011 жылғы 31мамырдағы № 5 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Терісаққан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».