О внесении изменения в постановление акимата города Степногорска от 18 марта 2011 года № А-3/93 "Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре - декабре 2011 года"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Степногорска от 18 марта 2011 года № А-3/93 "Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре - декабре 2011 года"
- Атауы (қаз.)
- Степногоркс қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № А-3/93 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-10/436
- Қабылданған күні
- 31.10.2011
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2014 61221_193640.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11BB000148
- ЭКБ идентификаторы
- 61221
- Редакция идентификаторы
- 61221_193640
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:19
0 Степногоркс қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № А-3/93 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Степногорск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № А-3/93 «2011 жылдың сәуір — маусымында және қазан — желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 1-2-141 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 сәуірдегі «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2 2. Степногорск қаласы әкімдігінің осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә.Сәдуақасоваға жүктелсін.
3 3. Степногорск қаласы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
«Ақмола облысы Степногорск
қаласының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Н.Асылбеков
Ақмола облысы денсаулық
сақтау басқармасының
жанындағы «Степногорск қаласының
орталық қалалық ауруханасы»
шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорны бас
дәрігерінің міндетін атқарушы С.Аманов
Ақмола облысы әкімдігінің
жанындағы «Степногорск қалалық
емханасы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының
бас дәрігері А.Дүйсенов
«Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Ақмола облысының Ішкі
істер департаменті Степногорск
қаласының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Мұқанов
4 Степногорск қаласы
әкімдігінің 2011 жылғы
31 қазандағы № А-10/436
қаулысына қосымша
Қалалық шақыру комиссиясының құрамы
Асылбеков Нұржан Төлеужанұлы
«Ақмола облысы Степногорск қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша)
Боцман Николай Яковлевич
«Степногорск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Сақыпов Бауыржан Ергібекұлы
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Степногорск қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Хасенов Ондасын Сайынұлы
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Степногорск қалалық орталық қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының хирург – үйлестірушісі (келісім бойынша)
Вернигора Наталья Ивановна
Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы «Степногорск қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық бикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)