О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Лебяжинского района от 18 марта 2011 года № 67/2 "О социальной помощи отдельным категориям граждан Лебяжинского района на 2011 года"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Лебяжинского района от 18 марта 2011 года № 67/2 "О социальной помощи отдельным категориям граждан Лебяжинского района на 2011 года"
- Атауы (қаз.)
- Лебяжі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы "Лебяжі ауданының 2011 жылға арналған жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 67/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 152/4
- Қабылданған күні
- 23.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2014 59424_199248.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11PI000132
- ЭКБ идентификаторы
- 59424
- Редакция идентификаторы
- 59424_199248
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:08
0 Лебяжі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы "Лебяжі ауданының 2011 жылға арналған жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 67/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, "Аудандық мәслихаттың (XXV сессия, IV шақырылған) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы "2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы" № 5/25 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 8 сәуірдегі № 7/28 шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы "Лебяжі ауданының 2011 жылға арналған жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 67/2 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуі Тізілімінде № 12-9-128 болып тіркелген, 2011 жылғы 7 сәуірде "Аққу үні" газетінің № 31 жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақ келесі мазмұндағы 38), 39) тармақшаларымен толықтырылсын:
"38) Социалистік еңбек ерлері;
39) Күн көріс минимумынан төмен тіршілік ететін өзін-өзі жұмыспен қамтушылар";
2 тармақ:
келесі мазмұндағы 30), 31) тармақшаларымен толықтырылсын:
"30) 1 тармақтың 38) тармақшасында көрсетілген санатқа – отқазандық орнатуға және клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға бірретік материалдық көмек төлеуге - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының, социалистік еңбек ерінің куәлігінің көшірмелері;";
31) 1 тармақтың 39) тармақшасында көрсетілген санатқа – оңалту орталықтарын ашуға бірретік материалдық көмек төлеуге - өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының, азаматтарды тіркеу кітабының, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шотының, ауылдық округ әкімінің өтініші, отбасылық-тұрмыстық жағдайының актісі, бизнес-жоспар";
1) тармақшада "мемлекеттік, облыстық, аудандық басылымдарға жазылу" сөздерінен кейін "клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға" сөздерімен толықтырылсын;
2) тармақшада "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай" сөздерінен кейін "Астана қаласына экскурсияға" сөздерімен толықтырылсын;
11) тармақшада "ай сайынғы материалдық көмек төлеуге" сөздерінен кейін "Астана қаласына экскурсияға бір реттік көмек және 1-тармақтың 7), 9) тармақшаларына клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға" сөздерімен толықтырылсын;
14) тармақшада "бір реттік материалдық көмек төлеуге" сөздерінен кейін "дәрі-дәрмек сатып салуға, клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға және Астана қаласына экскурсия" сөздерімен толықтырылсын;
17) тармақшада "кәсіптік оқуды өту барысында" сөздерінен кейін "және Астана қаласына экскурсияға" сөздерімен толықтырылсын;
18) тармақшада "тоқсан сайын тұрғын қызметі шығындарын өтеуге" сөздерінен кейін "және Астана қаласына экскурсияға бірреттік көмек" сөздерімен толықтырылсын;
21) тармақшада "азық-түлік бағасының өсуіне байланысты" сөздерінен кейін "және Астана қаласына экскурсия" сөздерімен толықтырылсын;
27) тармақшада "бір реттік материалдық көмек төлеуге" сөздерінен кейін "Астана қаласына экскурсияға" сөздерімен толықтырылсын;
28) тармақшада "бір реттік материалдық көмек төлеуге" сөздерінен кейін "клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға және Астана қаласына экскурсия" сөздерімен толықтырылсын;
3 тармақтың:
1) тармақшаның бесінші абзацта "60000" саны "32000" санымен ауыстырылсын және "шілде" сөзі "мамыр" сөзімен ауыстырылсын және келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға 22000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде";
2) тармақшада "10000" саны "5000" санымен ауыстырылсын және келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кем дегенде 6 ай жұмыс істегендер және бұрынғы Одақ ордені және медальдарымен марапатталмағандар және "Қайсарлы еңбегі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлеріне Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге көлемінде және клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға 22000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде";
3) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде";
4) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде";
5) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь, гетто және де басқа тұтқындарына клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға 22000 теңге көлемінде және Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде";
"жеңілдіктерімен кепілдіктерімен Ұлы Отан соғысына қатысқандарына теңестірілгендеріне Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде";
12) тармақшасы келесідей абзацпен толықтырылсын:
"Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде";
15) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға 22000 теңге көлемінде және Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде";
18) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде";
19) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде";
21) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Астана қаласына экскурсияға 25000 теңге көлемінде өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде";
27) тармақшасында "2 айлық есептік көрсеткіш" сөздері "25000 теңге" сөзімен ауыстырылсын;
3 тармақ келесі мазмұндағы 30), 31) тармақшаларымен толықтырылсын:
"30) 1 тармақтың 38)-тармақшасында көрсетілген санатқа – клиенттік қабылдағышпен жабдықталған цифрлық спутниктік теледидар орнатуға 22000 теңге көлемінде және отқазандық орнатуға 106000 теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде";
"31) 1 тармақтың 39) тармақшасында көрсетілген санатқа – оңалту орталықтарын ашуға бір реттік материалдық көмек нақты бойынша өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде".