О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Лебяжинского района от 18 марта 2011 года № 67/2 "О социальной помощи отдельным категориям граждан Лебяжинского района на 2011 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Лебяжинского района от 18 марта 2011 года № 67/2 "О социальной помощи отдельным категориям граждан Лебяжинского района на 2011 год"
- Атауы (қаз.)
- Лебяжі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы "Лебяжі ауданының 2011 жылға арналған жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 67/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 253/13
- Қабылданған күні
- 27.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2014 61068_199241.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11PI000138
- ЭКБ идентификаторы
- 61068
- Редакция идентификаторы
- 61068_199241
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:33
0 Лебяжі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы "Лебяжі ауданының 2011 жылға арналған жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 67/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына және "2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы" № 5/25 шешіміне толықтырулар енгізу туралы аудандық мәслихаттың (XXVIII сессия IV шақырылған) 2011 жылғы 8 сәуірдегі № 7/28 шешіміне сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы "Лебяжі ауданының 2011 жылға арналған жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 67/2 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі Тізілімінде № 12-9-128 болып тіркелген, 2011 жылғы 07 сәуірде "Аққу үні" газетінің № 31 санында жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3 тармақта:
1) тармақшасында:
төртінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
"жүргізілген жұмыстардың нақты құнына сәйкес пәтерді ағымды жөндеу жасауға, өтініш түскен кезінен 15 күн ішінде;";
келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"электр пешін нақты құнына сәйкес сатып алуға, өтініш түскен кезінен 15 күн ішінде;";
23) тармақшасында:
"(қыркүйек - қазан) жазылуға" сөздерінен кейін "18 АЕК көлемінде қатты отын сатып алуға және телефон орнатуға, өтініш түскен кезінен 15 күн ішінде;" сөздерімен толықтырылсын;
7 тармақ алынып тасталынсын;
8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".