О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 июля 2011 года № 826 "Об утверждении Правил перевозок грузов автомобильным транспортом"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 июля 2011 года № 826 "Об утверждении Правил перевозок грузов автомобильным транспортом"
- Атауы (қаз.)
- "Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 826 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1306
- Қабылданған күні
- 04.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2016 AI75632_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300001306
- ЭКБ идентификаторы
- 75632
- Редакция идентификаторы
- AI75632_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:44
0 "Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 826 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1 1. «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 826 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 645-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
2 «2) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі – тасымалдаушы) – меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына иелік ететін, жолаушыларды, багажды, жүктерді немесе поштаны тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететін заңды немесе жеке тұлға;»;
2 2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
3-1 «3-1) өзі аударғыш – жүктi түсiру үшiн механикалық еңкейтiлетiн шанағы бар, жүктi өзi түсiретiн автомобиль, тiркеме немесе жартылай тiркеме;»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
10-1 «10-1. Тасымалдаушы автокөлік құралдарын пайдалану процесінде жүргізушілердің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден өтуін, сондай-ақ автокөлік құралдарының рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап тексеруден өтуін қамтамасыз етеді.»;
20 20-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Автокөлік құралының жолдама парақтары және тауар-көлік жүкқұжаттары жолдама парақтары мен тауар-көлік жүкқұжаттары қозғалысын есепке алу журналдарында тіркеуге және тасымалдаушыда журналдармен бірге 5 жыл бойы сақталуға жатады.»;
28 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
28 «28. Тиеу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде жүк автокөлік құралының салмақтық және габариттік параметрлері заңнамада белгіленген жол берілетін параметрлерден аспайтындай етіп орналастырылады.»;
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
28-1 «28-1. Жүк жөнелтушіге автокөлік құралына жүк тиеу процесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жол берілетін салмақтық және габариттік параметрлерді арттыруға жол берілмейді.»;
34 34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
34
«34. Белгілі бір жүкті тасымалдауға арналған автокөлік құралдарын қосымша жабдықтау мен жарақтандыруды жүк жөнелтуші тасымалдаушымен келісім бойынша ғана жүргізуі мүмкін, ал қауіпті, ірі габаритті немесе ауыр салмақты жүктер тасымалданған жағдайда, Қазақстан Республикасының әкімшілік полициясы органдарымен келісіледі.»;
57 57-тармақ алынып тасталсын;
234 234-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
234 «234. Астық, сүрлем массасы және қант қызылшасы ыдыссыз тәсiлмен ернеулi автокөлiк құралдарымен және (немесе) өзi аударғыштармен тасымалданады.»;
254-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жануарларды өзi аударғыштармен тасымалдауға жол берілмейді.»;
295 295-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
295
«295. Сұйық бетон мен құрылыс ерiтiндiлерiн тасымалдау үшiн тасымалдаушылар өзi аударғыштарды, ожау немесе бункерлік үлгiлердегi шанақтары бар жүк автомобильдерін, цистерналарды бөледі. Құрғақ бетон қоспаларын және құрылыс ерiтiндiлерiн ыдыстық тәсiлмен қаптарда тасымалдау үшiн тасымалдаушылар ернеулi автокөлік құралдарын, ал ыдыссыз тәсiлмен тасымалдау кезiнде бункер үлгiсiндегi шанақтары бар жүк автомобильдері мен цистерналарды бөледі.»;
296 296-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
296 «296. Сұйық бетон мен құрылыс ерiтiндiлерiн тасымалдауға арналған өзi аударғыштардың тығыздалған артқы ернеуi, 450-500 мм биіктетілген алдыңғы және қаптал ернеулерi болады.»;
312 312-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
312 «312. Үйiп тасымалданатын жүктердi тасымалдау үшiн тасымалдаушылар өзi аударғыштарды бөледi.»;
мынадай мазмұндағы 312-1-тармақпен толықтырылсын: