Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 июня 2012 года № 281 "Об утверждении Правил оценки уровня профессиональной подготовленности и присвоения квалификации по профессиям (специальностям) технического и обслуживающего труда"

Бұйрық · № 254 · қабылданған 03.07.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2012-no-281-ekb-73966/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 июня 2012 года № 281 "Об утверждении Правил оценки уровня профессиональной подготовленности и присвоения квалификации по профессиям (специальностям) технического и обслуживающего труда" Күшін жойған Бұйрық ·№ 254 ·03.07.2013
06.09.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 июня 2012 года № 281 "Об утверждении Правил оценки уровня профессиональной подготовленности и присвоения квалификации по профессиям (специальностям) технического и обслуживающего труда"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 254 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 июня 2012 года № 281 "Об утверждении Правил оценки уровня профессиональной подготовленности и присвоения квалификации по профессиям (специальностям) технического и обслуживающего труда"
Атауы (қаз.)
"Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
254
Қабылданған күні
03.07.2013
Көрсетілген редакция
06.09.2018 73966_358553.kaz
Соңғы өзгеріс
06.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008579
ЭКБ идентификаторы
73966
Редакция идентификаторы
73966_358553
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:50

0 "Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7796 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 1 тамызда № 245-246 (27064-27065) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру қағидаларында:
4-тармақты 7) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«7) біліктілік комиссиясы (бұдан әрi - БК) - емтихан тапсырушылардың білімдері, шеберліктері мен дағдыларының деңгейін, олардың оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін анықтайды.»;
5, 6, 7 және 8–тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Техникалық және кәсіптік білім бейіндері бойынша КДДБ өткізу және техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кәсiптерi (мамандықтары) бойынша біліктілікті беру үшін сертификаттау жөніндегі тәуелсіз БК құрады. БК мүшелерінің саны кемінде 3 (үш) адамды (тақ сан) құрайды.
6. БК құрамы тестіленетін кәсіптердің (мамандықтардың) тиісті кәсіптер мамандары қатарынан КДДБ өткізуден кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын құрылады.
7. БК төрағасы ірі кәсіпорындар, шағын және орта бизнес ұйымдары немесе жұмыс берушілер қауымдастықтары өкілдерінің арасынан тағайындалады.
8. БК төрағасының тестіленетін кәсіптер (мамандықтар) бойынша тиісті мамандығы бар.»;
11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. БК құрамы, олардың жұмысын ұйымдастыру, тракторларды және басқа да өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы мелиоративтiк көлiктерiн, сондай-ақ автокөлiк құралдарын басқаруға берiлетiн куәлiктердi беру тәртiбi.
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 1556 Қаулысына сәйкес анықталады.».

2 2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):

1 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы