О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 октября 2012 года № 464 «Об утверждении Правил начисления и выплаты премий государства по вкладам в жилищные строительные сбережения и признании утратившими силу некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 октября 2012 года № 464 «Об утверждении Правил начисления и выплаты премий государства по вкладам в жилищные строительные сбережения и признании утратившими силу некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақысын есептеу және төлеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 464 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 536
- Қабылданған күні
- 21.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2023 122447_646871.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017007
- ЭКБ идентификаторы
- 122447
- Редакция идентификаторы
- 122447_646871
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:26
0
«Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақысын есептеу және төлеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы18 қазандағы № 464 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақысын есептеу және төлеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің2012 жылғы 18 қазандағы № 464 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8094 болып тіркелген, 2012 жылғы22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 842-846 (27917) болып жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақысын есептеу және төлеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жинақтау мерзімі өткен кезде және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын салымшы жинақ ақшаның ең төменгі қажетті мөлшерін жинақтамаған жағдайда, ол тұрғын үй құрылысы жинақ банкі оған сыйақы есептеген салымды, сондай-ақ үш жылдан артық жинаған кезде мемлекет сыйлықақысын алуы не мемлекет сыйлықақысы есептелген тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде жинақтауды жалғастырады.
Мемлекеттің сыйлықақысы тұрғын үй қарызын алған кезге дейін есепке жазылады.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті (Д.О.Темірбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.