О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2013 года № 150 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2013 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2013 года № 150 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2013 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение"
- Атауы (қаз.)
- "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 150 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 785
- Қабылданған күні
- 05.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI73855_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000785
- ЭКБ идентификаторы
- 73855
- Редакция идентификаторы
- AI73855_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:33
0
"Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 150 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 150 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«027 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер;»;
3-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге: наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейіргерлік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке; онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуге, аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілерінің халыққа медициналық көмек көрсетуіне (2012 жылғы желтоқсандағы шот-тізілімге енгізілмеген ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету жағдайлары үшін және сапа мен көлемге бақылау жүргізілген жағдайлар үшін төлемді қоса алғанда); скринингілік зерттеулер жүргізуге: балалар мен ересектердің нысаналы топтарының арасында «В» және «С» гепатиттерін, жатыр мойнының обырын, колоректалды обырды, қуықасты безінің обырын, өңеш пен асқазан обырын, бауыр обырын; артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруларын және қант диабетін анықтауға; саламатты өмір салтын насихаттауға; тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге мемлекеттік қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асырады.»;
11-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға берілетін нысаналы ағымдағы трансфертті аудару нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмнiң, мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі болған кезде белгiленген тәртiппен бекiтiлген төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарының негiзiнде жүзеге асырылады.
Күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, ағымдағы нысаналы трансферттер жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға пайдаланылады.»;
көрсетілген қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
1 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберінде 2013 жылы сатып алынатын медициналық техниканың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 5 тамыздағы
№ 785 қаулысына
1-қосымша
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық
бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы
нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына
1-қосымша
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберінде 2013 жылы сатып алынатын медициналық техниканың тізбесі
Р/с
№
Атауы
1.
32 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф
2.
Инсульт орталықтарына арналған 32 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф
3.
Инсульт орталықтарына арналған 64 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф
4.
Гепатоорталықтарға арналған бауырды фибросканерлеу аппараты
5.
Онкологиялық диспансерлерге арналған 64 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф
6.
Онкологиялық диспансерлер үшін брахитерапия көздерін енгізуді бақылауға арналған С-ұстаушысы бар жылжымалы рентгенологиялық аппарат
7.
Онкологиялық диспансерлерге арналған контактілік-сәулелік терапияға арналған брахитерапия аппараты
8.
Онкологияға арналған онкологиялық диспансерлерге және виртуалды симуляция жүйесі және бағдарламалар пакеті бар 16 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф
9.
Онкологиялық диспансерлерге арналған (сәулелі терапияға арналған) ультрадыбыстық жүйе
10.
Сапаны бақылауға арналған әмбебап дозиметрі бар дозиметриялық жабдықтар кешені, РҚ (радиациялық қауіпсіздік) бақылауға арналған дозиметриялық жабдық, қорғау дозиметриясы, онкологиялық диспансерлерге арналған ЖДБ (жеке дозиметриялық бақылау)
11.
Онкологиялық диспансерлерге арналған бейнеэндоскопиялық жүйе
12.
Қалалық және аудандық емханаларға арналған түсірілімдерді цифрлеуге арналған құрылғы
13.
Консультациялық-диагностикалық орталықтарға арналған колоноскопы бар эндобейнетіреуіш
14.
Консультациялық-диагностикалық орталықтарға арналған гастроскопы бар эндобейнетіреуіш
15.
Аудандық емханаларға арналған рентгендік стационарлық диагностикалық цифрлық кешен
16.
Аудандық емханалар үшін 2 жұмыс орнына арналған рентгендік диагностикалық цифрлық кешен
17.
Аудандық емханалар үшін УДЗ аппараты
18.
Аудандық емханалар үшін 3 жұмыс орнына арналған рентгендік диагностикалық цифрлық кешен
19.
Аудандық емханаларға арналған рентгендік жылжымалы маммографиялық цифрлық кешен
20.
Аудандық емханаларға арналған цифрлаушысы бар стационарлық цифрлы рентгендік маммографиялық кешен
21.
Жедел медициналық жәрдем қызметтеріне арналған реанимобиль
22.
Тораптық бригадаларға арналған жедел медициналық жәрдем қызметінің автокөлігі
23.
Керек-жарақтары бар навигациялық жүйе
2 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер сомаларын 2013 жылы пайдалану бағыттары мың теңге
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 5 тамыздағы
№ 785 қаулысына
2-қосымша
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық
бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы
нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына
2-қосымша
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер сомаларын 2013 жылы пайдалану бағыттары
мың теңге
Р/с
№
Өңірлердің атауы
МСАК ұйымдарын жарақтандыру
Жедел медициналық жәрдем қызметін жарақтандыру
Магнитті-резонансты, компьютерлік томографтармен жарақтандыру
Аудандық, қалалық және облыстық ауруханаларды жарақтандыру
Онкологиялық бағдарлама шеңберінде консультациялық-диагностикалық орталықтарды жарақтандыру
1
2
3
4
5
6
7
1.
Ақмола облысы
24 485
141 000
240 000
240 000
43 100
2.
Ақтөбе облысы
23 500
141 000
-
240 000
43 100
3.
Алматы облысы
-
637 500
240 000
480 000
86 200
4.
Атырау облысы
67 435
141 000
-
-
27 050
5.
Шығыс Қазақстан облысы
24 485
164 500
-
240 000
132 400
6.
Жамбыл облысы
67 435
595 000
-
-
43 100
7.
Батыс Қазақстан облысы
67 435
164 500
-
240 000-
59 150
8.
Қарағанды облысы
91 920
164 500
-
759 000
91 250
9.
Қостанай облысы
24 485
141 000
-
240 000
75 200
10.
Қызылорда облысы
-
552 500
-
240 000
43 100
11.
Маңғыстау облысы
51 050
576 000
-
240 000
27 050
12.
Павлодар облысы
76 028
141 000
-
240 000
75 200
13.
Солтүстік Қазақстан облысы
48 970
164 500
240 000
-
43 100
14.
Оңтүстік Қазақстан облысы
31 050
552 500
-
199 000
63 650
15.
Алматы қаласы
-
595 000
-
480 000
116 900
16.
Астана қаласы
-
305 500
-
-
76 650
ЖИЫНЫ:
598 278
5177 000
720 000
3838 000
1046 200
кестенің жалғасы
мың теңге
Р/с
№
Өңірлердің атауы
Онкологиялық бағдарлама шеңберінде МСАК ұйымдарын жарақтандыру
Онкологиялық ұйымдарды жарақтандыру
Гепатоорталықтарды жарақтандыру
Барлығы
8
9
10
11
1.
Ақмола облысы
46 000
320 000
35 040
1089 625
2.
Ақтөбе облысы
34 500
11 000
35 040
528 140
3.
Алматы облысы
34 500
-
35 040
1513 240
4.
Атырау облысы
11 500
11 000
35 040
293 025
5.
Шығыс Қазақстан облысы
80 500
789 863
35 040
1466 788
6.
Жамбыл облысы
57 500
320 000
35 040
1118 075
7.
Батыс Қазақстан облысы
11 500
498
35 040
578 123
8.
Қарағанды облысы
46 000
487 819
35 040
1675 529
9.
Қостанай облысы
57 500
-
35 040
573 225
10.
Қызылорда облысы
57 500
498
35 040
928 638
11.
Маңғыстау облысы
11 500
-
35 040
940 640
12.
Павлодар облысы
46 000
43 050
35 040
656 318
13.
Солтүстік Қазақстан облысы
34 500
320 000
35 040
886 110
14.
Оңтүстік Қазақстан облысы
126 500
-
35 040
1007 740
15.
Алматы қаласы
57 500
32 052
35 040
1316 492
16.
Астана қаласы
11 500
189 956
35 040
618 646
ЖИЫНЫ:
724 500
2525 736
560 640
15 190 354