Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 18 февраля 2013 года № 74 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Ереже · № 144 · қабылданған 21.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2013-no-74-ekb-78226/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 18 февраля 2013 года № 74 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 144 ·21.02.2014
26.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 18 февраля 2013 года № 74 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 144 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 18 февраля 2013 года № 74 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2013 жылғы 18 ақпандағы № 74 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
144
Қабылданған күні
21.02.2014
Көрсетілген редакция
26.02.2015 78226_70760.kaz
Соңғы өзгеріс
26.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NI004509
ЭКБ идентификаторы
78226
Редакция идентификаторы
78226_70760
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:48

0 Мәслихаттың 2013 жылғы 18 ақпандағы № 74 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қаулысына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мәслихаттың 2013 жылғы 18 ақпандағы № 74 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4060 тіркелген, 2013 жылғы 26 наурызда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Жангелдин ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
тұрғын үйдің меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлем ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлем ақысын төлеуге;
тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшiн жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетiледi;
аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстарының сомасы ретiнде айқындалады.";
11-тармағы алып тасталсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және өз әрекетін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға таратады.

КЕЛІСІЛДІ:
"Жангелдин ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Л. Зейнекина
"Жангелдин ауданының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Д. Аренова
"Жангелдин ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Е. Биржикенов

Қолданыстағы