Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение акима Жетысуского района города Алматы от 18 апреля 2014 года № 01 «Об образовании избирательных участков по Жетысускому району города Алматы»

Өзге акт · № 01 · қабылданған 25.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2014-no-01-ekb-87021/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение акима Жетысуского района города Алматы от 18 апреля 2014 года № 01 «Об образовании избирательных участков по Жетысускому району города Алматы» Күшін жойған Өзге акт ·№ 01 ·25.02.2015
12.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение акима Жетысуского района города Алматы от 18 апреля 2014 года № 01 «Об образовании избирательных участков по Жетысускому району города Алматы»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 01 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение акима Жетысуского района города Алматы от 18 апреля 2014 года № 01 «Об образовании избирательных участков по Жетысускому району города Алматы»
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі «Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерді құру туралы» № 01 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
01
Қабылданған күні
25.02.2015
Көрсетілген редакция
12.04.2019 87021_398968.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15RE001131
ЭКБ идентификаторы
87021
Редакция идентификаторы
87021_398968
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:28

0 Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің

2014 жылғы 18 сәуірдегі
«Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша
сайлау учаскелерді құру туралы» № 01 шешіміне
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласына елді мекендердің қосылуына байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 798 «Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-І «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 36 бабының, 2 тармағы, 4 тармақшасына сәйкес, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі ШЕШТІ:

1

1. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 01 «Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерді құру туралы» шешімінің қосымшасына (2014 жылдың 23 сәуірінде № 1028 Алматы қаласы Әділет департаментінде тіркелген, 2014 жылдың 29 сәуірінде № 49-51 «Алматы Ақшамы» және 2014 жылдың 29 сәуірінде № 49-51 «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін.

2 2. Осы нормативтік құқықтық акт Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.

3 3. Осы шешім ресми интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.С. Садвақасоваға жүктелсін.

5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Алматы қаласының
аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
Б. Доспанов
25 ақпан 2015 жыл

6 № 322 сайлау учаскесі

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2015 жылғы «25» ақпандағы
№ 01 шешімінің қосымшасы
Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша өзгертілген сайлау учаскелері
№ 322 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы Автомеханикалық колледжі, Қазыбаев көшесі 270, телефон 385-57-90
Сайлау учаскесінің шекаралары:
Серіков көшесімен оңтүстікке қарай Ангарск көшесінің шығыс жағымен, одан ары Дорожник ықшам ауданының шекарасын бойлай Сұлтан өзеніне дейін; Сұлтан өзенін бойлай отырып, Құлагер ықшам ауданы №55, 58, 59, 34, 35, 36 – үйлерін жағалай Омаров көшесіндегі № 95 және Серіков көшесіндегі № 29 үйлердің арасымен Серіков көшесіндегі №29,27,25 үйлерде жағалай Омаров көшесіне дейін; Омаров көшесімен Серіков көшесіндегі № 19 және № 15 үйлер арасынан өтетін жолға дейін; одан ары үлкен жолды жағалай батысқа қарай Серіков көшесі №13 және 15 үйлер арқылы Қазыбаев көшесіне дейін; Қазыбаев көшесімен батысқа ақрай оңтүстік жағымен Серіков көшесіне дейін; Серіков көшесімен батысқа қарай Ангарская көшесіне дейін; Серіков көшесіндегі №19, 23, 31, 35 үйлерді қоспағанда.
№ 346 сайлау учаскесі
Орталығы: №101 жалпы білім беретін мектеп, Жансүгіров көшесі 352, телефон 384-94-97
Сайлау учаскесінің шекаралары:
Сұлтан өзенінен бастап Боралдай көшесімен оңтүстікке қарай Жансүгіров көшесіне дейін; Жансүгіров көшесінің батыс жағымен Великолукская көшесі № 51 үйге дейін; Великолукская көшесімен батысқа қарай солтүстік жағымен Хожамьяров көшесі № 67 үйге дейін; Хожамьяров көшесімен № 97А, 115, үйлерін қоса алғанда Палладин көшесі № 136Е үйге дейін; Палладин көшесімен Айнабұлақ-3 ықшам ауданының шығыс шекарасына дейін; «Айнабұлақ-3» ықшам ауданының шекарасымен солтүстікке қарай Ермолова көшесіне дейін; Ермолова көшесінің батыс жағымен Мещерский көшесіне дейін; Мещерский көшесінің бойымен Павлодар көшесіне дейін; Павлодар көшесінің шығыс жағымен № 93 үйге дейін, әрі шығысқа қарай Ермолова көшесіне дейін; Ермолова көшесінің батыс жағымен № 32 үйге дейін, әрі оңтүстік-шығысқа қарай Боралдай көшесінің № 93Д үйін қоса алғанда № 167А үйге дейін; Боралдай көшесінің № 167, 165, 163, 161 үйлерін бойлай Сұлтан өзенінің қиылысымен Боралдай көшесіне дейін.
№ 347 сайлау учаскесі
Орталығы: № 101 жалпы білім беретін мектеп, Жансүгіров көшесі 352, телефон 384-95-05
Сайлау учаскесінің шекаралары:
Жансүгіров көшесі № 352 үйден бастап батысқа қарай Великолукская көшесімен оң түстік жағымен батысқа Хожамьяров көшесінің №145 үй арқылы саймен Палладин көшесі №108 үйге дейін; Палладин көшесінің шығыс жағымен Жұмабаев көшесіне дейін; Жұмабаев көшесі бойымен (солтүстік жағы) шығысқа қарай № 150, 148 және 150Б, 146А үйлерінің шекарасын бойлай оңтүстік жаққа қарай Беспақов Мұқатай көшесіне дейін; Беспақов Мұқатай көшесі бойымен (шығыс жағы) оңтүстікке қарай Омаров көшесіне дейін; Омаров көшесі № 1 және № 39 (тақ жағымен) шығысқа қарай Жансүгіров көшесіне дейін; Жансүгіров көшесінің бойымен батыс қарай № 380 үйіне дейін.
№ 350 сайлау учаскесі
Орталығы: АҚ «Серт», Қазыбаев көшесі 272А, телефон 384-18-03
Сайлау учаскесінің шекаралары:
Сұлтан өзенінен Жансүгіров көшесінің батыс жағымен Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылының солтүстік жағымен Қазыбаев көшесіне дейін; Қазыбаев көшесінің шығыс жағымен солтүстікке қарай Құлагер ықшам ауданының № 12, 13 үйлер арасымен жолға дейін; ары қарай Құлагер ықшам ауданындағы №4 үйді бойлай Серіков көшесімен №33А, №39, №13, №11 үйлерімен Омаров көшесіне дейін; Омаров көшесімен солтүстікке қарай Сұлтан өзенінің қиылысына дейін; Рысқұлов даңғылы №35 үйді қоспағанда, Серіков көшесі №19,23, 31, 35 үйлерді қоса алғанда.
№ 354 сайлау учаскесі
Орталығы: №148 мектеп гимназиясы, «Құлагер» ықшам ауданы, телефон 239-98-90
Сайлау учаскесінің шекаралары:
Жансүгіров көшесінің № 256 үйінен бастап, ипподромның оңтүстік-батыс бойымен Омаров көшесіне дейін; Омаров көшесімен оңтүстікке қарай № 91А үйіне дейін; № 91,93,95,99 үйлер бойымен «Құлагер» ықшам ауданы өткелімен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Сұлтан өзеніне дейін; Сұлтан өзенімен солтүстікке қарай Жұмабаев көшесіне дейін; Жұмабаев көшесімен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай №150, 148 және №150Б,146А участок шекаларымен оңтүстікке қарай Беспаков Мұқатай көшесіне дейін, Беспаков Мұқатай көшесімен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Омаров көшесіне дейін; Омаров көшесінің оңтүстік жағымен Жансүгіров көшесіне дейін; Жансүгіров көшесінің батыс жағымен №256 үйіне дейін.
№ 496 сайлау учаскесі
Орталығы: «Балапан 2013» бала бақшасы, Первомайский ықшам ауданы, Вокзальная көшесі 42в, телефон: 260-34-26
Сайлау учаскесінің шекаралары:
Первомайский ықшам ауданы шекарасында: Солнечный көшесі №1-5, Октябрский көшесі №1-13, Перекрестная көшесі №4-10, Стройтельный көшесі №1-7, Ключевая көшесі №1-19, Капчагайская көшесі №1-30, Косманавтов көшесі №1-21, Жетісу көшесі №1-31 (тақ жағы), №2-26 (жұп жағы), Космическый көшесі №1-31, Юность көшесі №1-46,№46а, Механический көшесі №1-12, Веселая көшесі №1-17, Вокзальная көшесі №1-35(тақ жағы), №2-38 (жұп жағы), Гамерник көшесі №1-9, Болашақ ш.а №1-30, Птицевод.
№ 497 сайлау учаскесі
Орталығы: «Мәдениет үйі», Первомайский ықшам ауданы, Вокзальная көшесі 125, телефон: 260-34-26
Сайлау учаскесінің шекаралары:
Первомайский ықшам ауданы шекарасында: Кавказская көшесі №1-17, Маметова көшесі №1-23, Национальная көшесі №1-36, Овражная көшесі №1-24, Заречная №1-79,№79а, Интернациональная көшесі №1-51,№51а, Центральная №1-164, Набережная көшесі №1-70, Молодежная №1-75, Жамбыл көшесі №1-26, Зеленая №1-34, Парковая №1-21, Юбилейная көшесі №1-8, №8а, Степная көшесі №1-19, Тұйық көшелер: Садовый көшесі№1-17, Новый көшесі №1-14.
№ 498 сайлау учаскесі
Орталығы: «№ 163 орта мектеп», Первомайский ықшам ауданы, Молодежная көшесі 54, телефон: 260-34-26
Сайлау учаскесінің шекаралары:
Первомайский ықшам ауданы шекарасында: Жетысу көшесі № 33-221, Молдагулова көшесі №1-184, Космическая көшесі № 32-86 (жұп жағы), №33-47 (тақ жағы) : Логовая көшесі №1-208, Вокзальная көшесі №37-215, (тақ жағы) № 40 -204 (жұп жағы), Школьная көшесі №1-16, 15. №15а , № 17,№18,19-25, Ворошилова көшесі №1-15, пушкин көшесі № 6-18, Береговая көшесі № 1-29, Щорс көшесі № 1-20, Тұйық көше : Мир көшесі № 1-6.

Қолданыстағы