О внесении изменений и дополнений в решение акима Жетысуского района города Алматы от 18 апреля 2014 года № 01 «Об образовании избирательных участков по Жетысускому району города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение акима Жетысуского района города Алматы от 18 апреля 2014 года № 01 «Об образовании избирательных участков по Жетысускому району города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі «Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерді құру туралы» № 01 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 03
- Қабылданған күні
- 16.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2019 94553_398966.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15RE001215
- ЭКБ идентификаторы
- 94553
- Редакция идентификаторы
- 94553_398966
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:01
0 Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің
2014 жылғы 18 сәуірдегі
«Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша
сайлау учаскелерді құру туралы» № 01 шешіміне
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-І «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 36 бабының 2 тармағы 4 тармақшасына сәйкес, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі ШЕШТІ:
1 1. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі
№ 01 «Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерді құру туралы» шешімінің қосымшасына (2014 жылдың 23 сәуірінде № 1028 Алматы қаласы Әділет департаментінде тіркелген, 2014 жылдың 01 мамырында № 52-53 «Алматы Ақшамы» және 2014 жылдың 01 мамырында № 51-52 «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) Осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес № 313, 319, 322, 334, 335, 349, 350, 354 сайлау учаскелерінің шекаралары және № 326, 350, 355 сайлау учаскелерінің орталықтары өзгертілсін.
2 2) Алматы қаласы, Лобачевский көшесі, 78 мекен-жайында орналасқан «Тұрмыстық химия бұйымдар зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шекарасындағы № 318 сайлау учаскесі қосымшадан жойылсын.
3 3) Осы шешімнің № 2 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы, Құлагер шағын ауданы, № 52 «А» мекен-жайында орналасқан «№ 176 бөбекжай балабақша» коммуналдық қазыналық мемлекеттік мекемесінде сайлау учаскесі қосымшада толықтырылсын.
2 2. Осы нормативтік құқықтық акт Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.
3 3. Осы шешім ресми интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.С. Садвақасоваға жүктелсін.
5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Алматы қаласының
аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
Б. Доспанов
9 № 313 сайлау учаскесі
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2015 жылғы «16» қазандағы № 03 шешімінің № 1 қосымшасы
№ 313 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Казаков көш., № 6 үй
«№ 66 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Шекаралары: Райымбек даңғылынан Бөкейханов көшесінің жұп сан жағы бойынша Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылының жұп сан жағымен Ниязбеков көшесіне дейін; Ниязбеков көшесінің тақ сан жағымен Казаков көшесіне дейін; Казаков көшесінің солтүстік жағымен қалалық зираттың батыс шекарасына дейін; қалалық зираттың шекарасы бойынша Райымбек даңғылына дейін №№ 241«Б», 241 «В», 241 «Е» үйлерді қоса алғанда; Райымбек даңғылының солтүстік жағымен Бөкейханов көшесіне дейін.
№ 319 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Қазыбаев көшесі, № 1 үй
«Жол белгілер зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Шекаралары: Сейфуллин даңғылынан темір жолы бойымен Бұлқышев көшесіне дейін; Бұлқышев көшесінің шығыс жағымен темір жолдан Лобачевский көшесіне дейін; Лобачевский көшесінен Қазыбаев көшесінің солтүстік жағымен Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағымен № 66 үйге дейін (оны қоспағанда); № 66 үйден Ермак көшесіне шыққанға дейін; Ермак көшесінің оңтүстік жағымен Яблочков көшесіне дейін; Ермак көшесінен Яблочков көшесінің шығыс жағымен Ленский көшесіне дейін; Яблочков көшесінен Ленский көшесінің оңтүстік жағымен, Азовский көшесінің оңтүстік жағымен «Жылуэлектроорталық-1» аумағына дейін, Ломоносов көшесіне шыққанға дейін; Ломоносов көшесінің оңтүстік жағымен Сейфуллин даңғылына дейін; Ломоносов көшесінен Сейфуллин даңғылының батыс жағымен темір жолға дейін.
№ 322 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Қазыбаев көшесі, № 270 үй
Алматы автомеханикалық колледжі
Шекаралары: Серіков көшесінен солтүстікке Ангарск көшесінің бойымен (шығыс жағы), ары қарай Дорожник шағын ауданының батыс жақ шекарасын бойлай Айнабұлақ-2 шағын ауданы № 42 «В» үйге дейін; Айнабұлақ-2 шағын ауданы № 42 «В» үйден Сұлтанка өзенінің бойымен оңтүстік-шығысқа (батыс жағы) Қазыбаев көшесіне дейін; Қазыбаев көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Құлагер шағын ауданы № 25 «А» үйге дейін; Құлагер шағын ауданы № 25 «А» үйден батысқа қарай (оңтүстік жағы) Құлагер шағын ауданы № 33 үйге дейін; Құлагер шағын ауданы № 33 үйден оңтүстікке (батыс жағы) Серіков көшесіне дейін; Серіков көшесінен батысқа (солтүстік жағы) Ангарск көшесіне дейін.
№ 326 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Дорожник шағын ауданы, № 45 «А» үй
«№ 87 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Шекаралары: Солтүстік айналым көшесінен Есентай өзенінің бойымен шығысқа Айнабұлақ-2 шағын ауданының батыс шекарасына дейін; ары қарай Есентай өзенінің арнасымен Ангарск көшесіне дейін; Ангарск көшесінің батыс жағымен № 123 үйге дейін (оны қоспағанда) және одан ары батысқа Дорожник шағын ауданы № 7 және № 27 үйлердің арасындағы жолмен Солтүстік айналым көшесіне дейін;
№ 334 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Айнабұлақ-3 шағын ауданы, № 166 «А» үй
«№ 110 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Шекаралары: Мұқатаев көшесінің шығыс жағымен Айнабұлақ-3 шағын ауданы № 158, № 159 үйлерді қоса алғанда Павлодар көшесіне дейін; Павлодар көшесінің оңтүстік жағымен Айнабұлақ шағын ауданының шығыс жақ шекарасына дейін; Айнабұлақ шағын ауданының шығыс шекарасы бойымен Палладин көшесіне дейін, Айнабұлақ-3 шағын ауданының: №№ 117, 117 «А», 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 131, 132, 133, 134, 135 «А», 135, 136, 137, 141 тұрғын үйлерін және тұрғын емес № 129 «А» үйін қоса алғанда.
№ 335 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Айнабұлақ-3 шағын ауданы, № 165 «А» үй
«№ 129 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Шекаралары: Есентай өзенінің шығыс жағалауымен солтүстікке қарай Айнабұлақ шағын ауданының солтүстік шекарасымен қиылысатын жерге дейін; Айнабұлақ шағын ауданының солтүстік шекарасы бойымен Павлодар көшесіне дейін; Павлодар көшесінің оңтүстігімен Мұқатай көшесіне дейін; Павлодар көшесінен Мұқатай көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай, Айнабұлақ-3 шағын ауданының: №№ 142, 143, 143 «А», 144, 145, 147, 149, 150, 151, 152, 154, 155, 156, 157, 161, 162 тұрғын үйлерін қоса алғанда.
№ 349 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Боткин көшесі, № 20 үй
«Ақпарат және экономика колледжі» мекемесі
Шекарасы: Боткин көшесінен Казаков көшесімен солтүстік-шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс, шығыс жағы) ары қарай шығысқа қалалық зираттың батыс шекарасына дейін; қалалық зираттың батыс шекарасымен оңтүстікке қарай Райымбек даңғылына дейін № 241 «Б», № 241 «В», № 241 «Е» үйлерді қоспағанда; Райымбек даңғылы бойынша оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік-батыс жағы) Боткин көшесіне дейін; Боткин көшесімен солтүстікке қарай (солтүстік-шығыс жағы) Борзов көшесіне дейін; Борзов көшесімен батысқа (солтүстік жағы) Боткин көшесінің № 10 және тақ сан жағындағы үйлерді, Борзов көшесінің №№ 11, 13, 17, 21, 25, 29, 33 үйлерді қоспағанда Гончаров көшесіне дейін; Гончаров көшесімен солтүстікке (солтүстік-шығыс жағы) Абдиров көшесіне дейін; Абдиров көшесімен шығысқа (оңтүстік-шығыс жағы) Боткин көшесіне дейін; Боткин көшесімен солтүстікке (солтүстік-шығыс жағы) Казаков көшесіне дейін.
№ 350 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Құлагер шағын ауданы, № 25 «А» үй
«№ 162 балабақша» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекеме
Шекаралары: Тихов көшесінен Жансүгіров көшесінің бойымен оңтүстікке Рысқұлов даңғылына дейін (батыс жағы); Рысқұлов даңғылымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Қазыбаев көшесіне дейін; Қазыбаев көшесімен солтүстікке (Рысқұлов даңғылындағы № 65 «А» үйді, Қазыбаев көшесі № 7 «Г» үйді қоспағанда), (шығыс жағы) Серіков көшесіне дейін; Серіков көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Серіков көшесіндегі № 45 үйге дейін; айналым көшемен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Құлагер шағын ауданындағы № 95 «А» үйге дейін; Құлагер шағын ауданындағы № 95 «А» үйдің шығыс жағынан Омаров көшесіне дейін (оңтүстік жағы); Омаров көшесінің солтүстігінен Тихов көшесіне дейін (шығыс жағы); Тихов көшесінен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Жансүгіров көшесіне дейін.
№ 354 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Құлагер шағын ауданы, № 77 үй,
«№ 148 мектеп гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекеме
Шекаралары: Тихов көшесінен Жансүгіров көшесімен солтүстікке (батыс жағы) Омаров көшесіне дейін; Омаров көшесімен батысқа Беспақов көшесіне дейін (оңтүстік жағы) № 57 үйге дейін; Беспақов көшесімен солтүстікке қарай және (батыс жағы) Жұмабаев көшесіне дейін; Жұмабаев көшесімен батысқа (оңтүстік жағы) Палладин көшесіне дейін (оңтүстік жағы); Палладин көшесімен оңтүстікке Айнабұлақ-2 шағын ауданы № 42 «В» үйге дейін; Айнабұлақ-2 шағын ауданы № 42 «В» үйден Сұлтанка өзенінің бойымен шығысқа қарай Омаров көшесіне дейін (№ 83 үйге дейін шығыс жағы); Омаров көшесінен батысқа Құлагер шағын ауданы № 34 үйге дейін (оңтүстік жағы); Құлагер шағын ауданы № 34 үйден оңтүстікке Құлагер шағын ауданы № 14 үйге дейін (шығыс жағы); Құлагер шағын ауданы № 14 үйден шығысқа қарай (солтүстік жағы) Омаров көшесіне дейін; Омаров көшесімен солтүстікке (батыс жағы) Тихов көшесіне дейін; Тихов көшесімен шығысқа қарай (солтүстік жағы) Жансүгіров көшесі № 256 үйге дейін.
№ 355 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Көкжиек шағын ауданы, № 67 үй
«№ 171 балабақша» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекеме
Шекаралары: Қала шекарасынан (шығыс жағы) Есентай өзеніне дейін; Есентай өзені бойымен оңтүстікке қарай Геологов көшесіне дейін; Геологов көшесінен (үйлерді қоспағанда) батыска карай № 48 үйге дейін; Көкжиек шағын ауданы шекарасымен батысқа карай № 53 үйге дейін; № 53 үйден солтүстікке қарай (шығыс жағы) № 52 үйге дейін; № 52 үйден (шығыс жағы) № 21 қалалық емханаға дейін; № 21 қалалық емханадан (шығыс жағы) № 37 үйдің аула жолына дейін; № 37 үйден (шығыс жағы) № 25 үйге дейін; № 25 үйден (оңтүстік жағы) № 35 үйге дейін; № 35 үйден (солтүстік жағы) қала (аудан) шекарасына дейін.
10 № 536 сайлау учаскесі
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2015 жылғы « 16 » қазандағы № 03 шешімінің № 2 қосымшасы
№ 536 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Құлагер шағын ауданы, № 52 «А» үй
«№ 176 бөбекжай балабақша» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекеме
Шекаралары: Сұлтанка өзенінің бойымен солтүстік-батысқа қарай (батыс жағы) Қазыбаев көшесіне дейін; Қазыбаев көшесімен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Құлагер шағын ауданы № 26 үйге дейін, Құлагер шағын ауданы № 26 үйді қоса алғанда айналым көшемен солтүстік-шығысқа қарай (солтүстік жағы) Құлагер шағын ауданы № 36 үйге дейін; Құлагер шағын ауданы № 36 үйді қоса алғанда айналым көшемен солтүстік бағытта (батыс жағы) Құлагер шағын ауданы № 34 үйге дейін; Құлагер шағын ауданы № 34 үйді қоса алғанда айналым көшемен шығысқа қарай (солтүстік жағы) Сұлтанка өзеніне дейін.