Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 18 апреля 2014 года № 108/4 «Об утверждении норматива субсидий на возмещение до ста процентов затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах, а также критериев и требований к поставщикам»

Қаулы · № 101/4 · қабылданған 10.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2014-no-1084/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 18 апреля 2014 года № 108/4 «Об утверждении норматива субсидий на возмещение до ста процентов затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах, а также критериев и требований к поставщикам» Күшін жойған 22.02.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 18 апреля 2014 года № 108/4 «Об утверждении норматива субсидий на возмещение до ста процентов затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах, а также критериев и требований к поставщикам»

Күшін жойған Қаулы № 101/4 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 18 апреля 2014 года № 108/4 «Об утверждении норматива субсидий на возмещение до ста процентов затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах, а также критериев и требований к поставщикам»
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі «Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жүз пайызға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы» № 108/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
101/4
Қабылданған күні
10.04.2015
Көрсетілген редакция
22.02.2016 88860_61196.kaz
Соңғы өзгеріс
22.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15P0004432
ЭКБ идентификаторы
88860
Редакция идентификаторы
88860_61196
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:32
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы

18 сәуірдегі «Жеке қосалқы шаруашылықтарда
ірі қара малдың аналық мал басын қолдан
ұрықтандыру жөніндегі шығындарды
жүз пайызға дейін өтеуге арналған
субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ
жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен
талаптарды бекіту туралы» № 108/4
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар облысының әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі «Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жүз пайызға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы» № 108/4 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3771 тіркелді, 2014 жылғы 29 сәуірде «Звезда Прииртышья» газетінде, 2014 жылғы 17 мамырда «Сарыарқа самалы» газетінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының преамбуласындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 103 қаулысына» сөздері «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына» сөздерімен ауыстырылсын.

2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырдун қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары

Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________А. Мамытбеков
2015 жылғы «13» сәуір