О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам религий от 18 марта 2014 года № 11 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере религиозной деятельности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам религий от 18 марта 2014 года № 11 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере религиозной деятельности"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 18 наурыздағы № 11 "Діни саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21
- Қабылданған күні
- 23.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2015 AI81692_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009611
- ЭКБ идентификаторы
- 81692
- Редакция идентификаторы
- AI81692_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:22
0 Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 18 наурыздағы № 11 "Діни саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 18 наурыздағы № 11 «Діни саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 9340 болып тіркелген, 2014 жылы 11 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Рәсімнің (іс-қимылдардың) іске асырылу реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-сызбамен сүйемелденеді.»;
мынадай редакцияда 24-тармақпен толықтырылсын:
«24. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-қимылдарының, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «www.e.gov.kz» - «электрондық үкімет» веб порталында, көрсетілетін қызметті берушінің «www.din.gov.kz»» - интернет-ресурсында орналастырылады.»;
қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет Регламентіне 1-қосымша»;
осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакциясында 2-қосымшасымен толықтырылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген «Республика аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Рәсімнің (іс-қимылдардың) іске асырылу реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес блок-сызбамен сүйемелденеді.»;
мынадай редакцияда 24-тармақпен толықтырылсын:
«24. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-қимылдарының, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «www.e.gov.kz» - «электрондық үкімет» веб порталында, көрсетілетін қызметті берушінің «www.din.gov.kz»» - интернет-ресурсында орналастырылады.»;
қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша;
осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакциясында 2-қосымшасымен толықтырылсын;
2 2. Әкімшілік департаменті (Ж.А. Ақзам) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен (Ә.Т. Жуанышпаева) бірлесе осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Әкімшілік департаменті (Ж.А. Ақзам) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің интернет-ресурсына енгізіп, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің барлық құрылымдық бөлімшелеріне жеткізсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Жауапты хатшысы Т.Т. Ысмайыловқа жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
1 «Дінтану» сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасы
Дін істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 23 маусымдағы № 21
осы бұйрығына 1-қосымша
«Дінтану» сараптамасын жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
«Дінтану» сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығы
2 «Республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктерінің басшыларын тағайындауын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасы
Дін істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 23 маусымдағы № 21
осы бұйрығына 2-қосымша
«Республика аумағындағы шетелдік діни
бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни
орталықтардың Қазақстан Республикасындағы
діни бірлестіктерінің басшыларын
тағайындауын келісу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
«Республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктерінің басшыларын тағайындауын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы