О внесении дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 18 апреля 2014 года № 111/4 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление культуры, архивов и документации Павлодарской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 18 апреля 2014 года № 111/4 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление культуры, архивов и документации Павлодарской области»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 111/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5/1
- Қабылданған күні
- 13.01.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 12.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 07.04.2016 86265_89733.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15P0004285
- ЭКБ идентификаторы
- 86265
- Редакция идентификаторы
- 86265_89733
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:04
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 18 сәуірдегі
«Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 111/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 111/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 3762 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде «Сарыарқа Самалы» газетінде, 2014 жылғы 24 сәуірде «Звезда Прииртышья» газетінде жарияланған) келесідей толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
20-тармақ келесі мазмұндағы 57), 58), 59), 60) тармақшалармен толықтырылсын:
«57) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
58) тарихи-мәдени мұра объектілерін жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері деп таниды және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосады;
59) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айырады және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде, объект толық түгел жойылған және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқан жағдайда жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастайды;
60) мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға өкілеттіктер беріледі.».
2 2. «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.