Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 марта 2014 года № 112 «Об утверждении знаков различия и знака об окончании Национального университета обороны имени Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы»

Бұйрық · № 120 · қабылданған 01.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2014-no-112-ekb-153214/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 марта 2014 года № 112 «Об утверждении знаков различия и знака об окончании Национального университета обороны имени Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы» Қолданыста Бұйрық ·№ 120 ·01.03.2021
01.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 марта 2014 года № 112 «Об утверждении знаков различия и знака об окончании Национального университета обороны имени Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 120 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 марта 2014 года № 112 «Об утверждении знаков различия и знака об окончании Национального университета обороны имени Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілерін және аяқтағаны туралы белгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
120
Қабылданған күні
01.03.2021
Көрсетілген редакция
01.03.2021 153214_512481.kaz
Соңғы өзгеріс
01.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022305
ЭКБ идентификаторы
153214
Редакция идентификаторы
153214_512481
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:24

0 «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілерін және аяқтағаны туралы белгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілерін және аяқтағаны туралы белгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 112 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9348 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықтың 1 қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 1 наурыздағы № 120
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2014 жылғы 18 наурыздағы № 112
бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілері
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің эмблемалары
1-сурет. Кіші
эмблема
Ескертпе:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің эмблемалары (1, 2-суреттер) тұрақты құрам әскери қызметшілерінің нысанды киіміне тағылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті эмблемасының көшірілген бейнесі оның көлеміне қарамастан, эмблеманың түрлі-түсті немесе қара-ақ түсті стандартына дәлме-дәл сәйкес келуге тиіс.
Жеңдегі айырым белгілері әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне тиесілілігін білдіретін белгі болып табылады (3, 4-суреттер).
Жеңдегі белгілер жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейі бойынша офицер кадрларын даярлау жөніндегі елдің жоғары әскери оқу орны ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің функционалдық тағайындалуының ерекшеліктерін сипаттайды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің айырым белгілерін жасау үшін белгілердің мынадай құрамдас бөлшектері қолданылды:
алау;
семсер;
айшықты түркі күні;
сақтың алтын дулығасы.
Айырым белгілері ашық кітап нысанындағы қалқанға орналастырылды. Әскери-геральдикалық белгілер жүйесінде ашық кітап оқу орнының мәртебесін ашып көрсетеді. Жиынтықта белгілер оқу орнының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне тиесілілігін көрсететін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің үлкен эмблемасын құрады.
Айырым белгілерінің элементтері:
сақтың алтын дулығасы (жоғары әскери мәртебесі бар жауынгер – көсемнің атрибуты) – тарихи дәстүрлердің сабақтастығын, өз Отанын қорғау бойынша әскери борышқа деген адалдықты;
алау (білім, ағартушылық және прогресс символы) – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейі бойынша офицерлерді даярлау және әскери ғылым саласындағы аса маңызды міндеті;
семсер (қарулы күрестің дәстүрлі символы) – өз Отанын қорғауға әзірлікті;
алтын күн – күннің түркілік өрнектелген айшықты бейнесін (білім мен парасат символы);
геральдикалық қалқан нысаны – (ашық кітап түріндегі бедерлі қалқан) – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің елдің оқу орны ретінде тиесілілігі мен мәртебесін көрсететін әскери геральдикалық жүйенің элементін;
геральдикалық қалқан негізінің көгілдір түсі – адалдықты, ақыл-ойды, тұрақтылықты білдіреді;
алтын түстес ұлттық ою-өрнек (қазақ халқының мәдени шежіресі болып табылады) – ұлттық дәстүрлерді білдіреді;
алтын – айбындылықтың, атақтылықтың, тектіліктің және тұрақтылықтың символын бейнелейді.

Қолданыстағы