О внесении изменений и дополнений в решение Качирского районного маслихата от 18 февраля 2014 года № 1/26 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи,установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Качирского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Качирского районного маслихата от 18 февраля 2014 года № 1/26 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи,установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Качирского района»
- Атауы (қаз.)
- Качир аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Качир ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 1/26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10/41
- Қабылданған күні
- 30.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 22.04.2016 88689_287393.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PH004419
- ЭКБ идентификаторы
- 88689
- Редакция идентификаторы
- 88689_287393
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:46
0 Качир аудандық мәслихатының
2014 жылғы 18 ақпандағы
«Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және Качир ауданындағы мұқтаж
азаматтардың жекелеген санатта-
рының тізбесін айқындаудың
Қағидаларын бекіту туралы»
№ 1/26 шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Качир аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Качир ауданындағы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 1/26 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3743 тіркелген, 2014 жылғы 5 сәуірде «Тереңкөл тынысы» газетінің № 14, 2014 жылғы 5 сәуірде «Заря» газетінің № 14 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
10-тармақта 3) тармақша мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«9-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 6 ай жылу беру мерзіміне электрлік жылыту бойынша шығынын өтеуге қызмет көрсетушінің ұсынған түбіртектеріне сәйкес, осы Қағидалардың 15 - тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;»;
10-тармақта 2) тармақшасында тоғызыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«9-тармақтың төртінші абзацында көрсетілген санаттарға 20 АЕК мөлшерінде, осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш, бас бостандығынан айыру орындарынан анықтамасы негізінде;»;
11-тармақта 1) тармақшасында төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«9-тармақтың 10) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттарға емделуге, сондай-ақ қатты отын сатып алуға 25 АЕК мөлшерінде, арнайы комиссия қорытындысы (хаттамасы), медициналық мекеменің анықтамасы, осы Қағидалардың 15 - тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш негізінде;»;
11-тармақта 1) тармақшасында екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«9-тармақтың 9) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарында, 10) тармақшаның екінші абзацында көрсетілген санаттарға жеке қосалқы шаруашылықтарын дамыту үшін 110 АЕК дейін мөлшерінде, ірі азық сатып алу үшін 11 АЕК мөлшерінде, осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жазған өтініш, тұрмыстық жағдайын тексеру актісі негізінде;»;
10-тармақта 2) тармақшасында үшінші абзац, 11-тармақта 1) тармақшасында үшінші абзац алынып тасталсын.