О внесении дополнения в решение Курчумского районного маслихата от 18 апреля 2014 года № 17-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение Курчумского районного маслихата от 18 апреля 2014 года № 17-5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 17-5 шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/7-VI
- Қабылданған күні
- 11.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2018 102101_309428.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16VN004538
- ЭКБ идентификаторы
- 102101
- Редакция идентификаторы
- 102101_309428
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:41
0 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларын
бекіту туралы» Күршім аудандық
мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі
№ 17-5 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 17-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3318 нөмірімен тіркелген, «Рауан-Заря» газетінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 40, 2014 жылғы 4 маусымдағы № 42 сандарында жарияланды) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
мынадай мазмұндағы 8-1 тармағымен толықтырылсын:
«8-1. Әлеуметтік көмек, Күршім ауданының орталық аудандық ауруханасының тізіміне сәйкес, әлеуметтік мәні бар аурулары және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар адамдарға кірісін есепке алмай, тоқсан сайын амбулаториялық ем алған әр күні үшін 300 теңге көлемінде көрсетіледі.».