О внесении изменения в решение Жарминского районного маслихата от 18 апреля 2014 года № 20/174-V «Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества Жарминского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Жарминского районного маслихата от 18 апреля 2014 года № 20/174-V «Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества Жарминского района»
- Атауы (қаз.)
- Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 20/174-VI «Жарма ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13/219-VII
- Қабылданған күні
- 04.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 05.09.2023 165227_656225.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22VJ13219M
- ЭКБ идентификаторы
- 165227
- Редакция идентификаторы
- 165227_656225
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:16
0 Жарма аудандық мәслихатының
2014 жылғы 18 сәуірдегі № 20/174-VI «Жарма ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 20/174-VI «Жарма ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3360 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Жарма ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғанынан күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Жарма ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Жарма аудандық мәслихатының
2022 жылғы 4 наурыздағы
№ 13/219-VII шешіміне
қосымша
Жарма аудандық мәслихатының
2014 жылғы 18 сәуірдегі
№ 20/174-V шешiмiмен
бекiтiлген
Жарма ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидалары (бұдан ары – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Жарма ауданында ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.