О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 18 июня 2014 года № 303 «Об утверждении Положения о республиканских службах гражданской защиты»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 18 июня 2014 года № 303 «Об утверждении Положения о республиканских службах гражданской защиты»
- Атауы (қаз.)
- «Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 303 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 337
- Қабылданған күні
- 19.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2025 213417_772848.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036650
- ЭКБ идентификаторы
- 213417
- Редакция идентификаторы
- 213417_772848
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:43
0 «Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 303 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 303 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9593 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ереже «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес әзірленген және Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің (бұдан әрі – Қызметтер) негізгі міндеттері мен өкілеттерін белгілейді.
3-параграфтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) табиғи және техногендік төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарының, орталық және жергілікті атқарушы органдарының басқару органдарымен, азаматтық қорғау күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;»;
7-параграфтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарының, орталық және жергілікті атқарушы органдарының басқару органдарымен, азаматтық қорғау күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;».