О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 18 декабря 2014 года № 4/1045 «Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Управление экономики и бюджетного планирования города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 18 декабря 2014 года № 4/1045 «Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Управление экономики и бюджетного планирования города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 4/1045 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1/73
- Қабылданған күні
- 10.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2017 87220_180937.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15R0001146
- ЭКБ идентификаторы
- 87220
- Редакция идентификаторы
- 87220_180937
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:43
0 Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №4/1045 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңның 21 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 27 бабына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17 бабына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №4/1045 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №1118 тіркелген, 2015 жылғы 22 қаңтарда «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
15 тармақтағы «2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» сөздері алынып тасталсын;
15 тармақтың 13), 22) және 23) тармақшалары алынып тасталсын;
16 тармақтағы «2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» сөздері алынып тасталсын;
16 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
17 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
21 тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын.